Facebook инженерлері техникалық ақауға не түрткі болғанын айтты

Инженерлер Facebook желісінің маршрутизатор конфигурациясында өзгеріс енгізу дұрыс жасалмағасын техникалық ақауға ұшырағанын айтты. Бұл туралы Facebook инженерлерінің ресми сайтында хабарланды.

“Біздің деректер орталығы арасындағы желілік трафикті үйлестіруге жауап беретін негізгі маршрутизатордың конфигурациялық өзгеріске ұшырауына байланысты желіде қиындық туғызды. Желі трафигінде мұндай қиындық пайда болғасын дерек орталықталығының байланыс тәсіліне әсер етті. Салдарынан біздің қызметіміздің жұмысын тоқтатты”, – делінген Facebook инженерлерінің сайтында.

Сонымен қатар, инженерлер Facebook, Instagram және WhatsApp қолданушыларының жеке деректері үшінші тарапқа тарамағанын хабарлады.

Дүйсенбіде Facebook компаниясына тиесілі Instagram, WhatsApp және басқа да қосымшалар шамамен 7 сағатқа қолданушыларға қол жетімді болмады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz