Вакцина жайлы ақпарат беретін “Ekpebar” жобасы іске қосылды

Қазақстанда вакцина жайлы ақпарат беретін “Ekpebar” жобасы іске қосылды.

Сайтта ғылыми зерттеулер мен дәлелді медицина негізінде жазылған танымдық мақалалар жарияланады. Сайтта жарияланған материалдарды дәрігерлер мен сарапшылар тексеріп, дәлдігін растаған.

Қазіргі уақытта сайтта коронавирусқа қарсы екпелер тізімі, Қазақстандағы вакцинация мектебі, т.б. тақырыпқа қатысты мақалалар және елдегі вакцина егудің ұлттық күнтізбесі ұсынылған.

Вакцина жайлы ақпарат беретін "Ekpebar" жобасы іске қосылды
Дереккөз: ekpebar.baribar.kz

Жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (UNICEF), АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) және Қоғамдық Денсаулық сақтау ұлттық орталығының қолдауымен жүзеге асырылған.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы фактчекинг. Орталық Азиядағы алғашқы фактчекинг ресурсы. 2017 жылдың мамыр айында ашылған. Халықаралық фактчекинг ұйымдар желісінің (IFCN) мүшесі.

Factcheck.kz