Фактчек | Балалар вакцинадан 52 есе көп өле ме?

Мессенжерлер мен сайттарда “COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмаған балаларға қарағанда вакцина салдырған балалар арасында өлім-жітім 52 есе көп” деген мазмұндағы ақпарат тарап жатыр. Материалда деректерді Ұлыбританияның Ұлттық статистика басқармасынан (ONS) алынғаны жазылған. Factcheck.kz мәселенің ақ-қарасын ажыратып көрді.

Мұндай ақпаратты алғаш рет The Daily Exposé 29 қаңтарда жариялаған және деректер бұрмаланған.

Фактчек | Балалар вакцинадан 52 есе көп өле ме?

Мәлімдеме: Ұлттық статистика басқармасы [өзі білместен] Covid-19 вакцинасын салдырмаған балаларға қарағанда вакцина салдырған балалардың өлу ықтималдығы 52 есе көп екенін анықтады.

The Daily Exposé

Үкім: Жалған және манипуляция

Несі жалған: Ұлыбританияның Ұлттық статистика басқармасы 2021 жылғы 1 қаңтар – 31 қазан аралығындағы “Вакцина салу деңгейі бойынша Сovid-19-дан өлу” көрсеткішін жариялаған. Материалда вакцина салдырған балалар арасындағы өлім-жітім көп екені туралы сөз айтылмайды. The Daily Exposé секілді деректерді бұрмаламаса, жарияланған құжаттан мұндай көрсеткіш шықпайды.

Несі манипуляция: The Daily Exposé қастандық теориясына сүйене ақпаратты бұрмалайтын сайт. Автор формуланы шығару кезінде санау жүйесі, іріктеу мөлшері және 10-19 жас аралығындағы вакцина алғандардың проценті секілді вакцина салу әдіснамасы мен статистикалық деректерді елемеген

ОNS құжатында, керісінше, екпе салдырмаған адамдарға қарағанда, вакцинаның 2 дозасын да салдырған адамдар арасында коронавирсупен байланысты өлімнің азайғаны жазылған (Бұл барлық жас категориясына қатысты). 10-19 жастағы балалар мен жасөспірімдерге келсек, қатысушылар саны тым ерекшеленгендіктен мамандар бұл топ бойынша қорытынды ойға келмеген.

Манипуляцияның мәнін түсіну үшін біз Ұлыбританияның статистикалық басқармасы нені қалай есептегенін және бұл деректер қалай бұрмаланғанын түсіндірейік.

100,000 адам-жылға оқиға жиілігі

Адам-уақыт (ағылш. person-years) — кез-келген оқиғаның, соның ішінде өлімнің жиілігін есептеу кезінде адамдар мен уақытты бөлгіш ретінде біріктіретін өлшем түрі. Ол адамдар әртүрлі уақытта аурудың немесе өлімнің даму қауіпі болса қолданылады. Бұл тәсілмен кез-келген адам зерттеуге осы адамды бақылау қанша уақытқа созылса, сонша жыл жұмсайды: 1 жыл бақыланған адам 1 адам-жылын, 10 жылға созылған бақылау 10 адам-жылын құрайды. Бұл әдісті ұзақ немесе бірдей емес уақыт аралықтарында жағдайдың салыстырмалы жиілігін анықтау үшін қолдануға болады.

Осыдан біз статистикалық кестеде бір жыл ішінде бақыланған балалар мен жасөспірімдердің саны көрсетілгенін түсінеміз: екі дозалы вакцина алған 129 мың және вакцина алмаған 3,5 миллион бала.

Вакцина алу статусыЖас тобыАдам-жылCOVID-19-ға қатысы бар өлгендер саныCOVID-19-ға қатысы жоқ өлгендер саныЖалпы өлім саны
Кем дегенде 21 күн бұрын вакцинаның 2-дозасын алғандар саны10-141 678044
Кем дегенде 21 күн бұрын вакцинаның 2-дозасын алғандар саны15-19127 84214142
Вакцина алмағандар10-142 094 71129496
Вакцина алмағандар15-191 587 07218142160
ONS дерегі

10-19 жас аралығындағы вакцина салдырмаған балалардың саны салдырғандар санынан он есе көп. Сондықтан бірінші сұрақ — балалар санының әртүрлі болғанына қарамастан оларды салыстыру қаншалықты дұрыс? Жауабы — дұрыс емес. Ол келесі жағдайлаға байланысты болғаны үшін де бұрыс:

  • бұл жаста екпе қауіпті топтағы балалар мен жасөспірімдер, яғни өзінің бұрыннан ауруы барларға салынған (қатерлі ісік, қант диабеті, астма, эпилепсия, бүйрек, бауыр аурулары және т. б., толық тізім — мында);
  • Ұлыбританияда бұрыннан ауруы жоқ балалар мен жасөспірімдерге вакцина салуы тек 2021 жылдың қыркүйегінде басталды (ал автор бір жылға тиесілі деректерді есептейді);
  • деректе ковидпен байланысы жоқ өлімнің себебі туралы айтылмайды. Яғни бұл апат, қасақана өлтіру не бұрын болған аурудан немесе басқа себептерден болған өлім болуы мүмкін.

Әрі қарай, автор оқырмандарға стандартты өлімді 100000 адам-жылға есептеп, бақыланғандардың санын 100000-ға бөліп, содан кейін топтағы өлім санын нәтижеге бөлуді ұсынады. Бір қарағанда бәрі дұрыс көрінуі мүмкін. Алайда қатысушылардың санының айырмашылығынан басқа тағы бір үлкен “бірақ” бар. Автор өлімнің стандартталған тәуекелін жеткілікті негізделген есептеу 100-ден жоғары болса ғана мүмкін екенін елемейді. Яғни, өлім саны 100-ден аспайтын, тіпті 10-нан төмен топтарда бұл көрсеткіштің сенімділігі туралы айта алмаймыз. Зерттеу әдіснамасында сипатталып, кестелерде көрсетілгендей, өлім деңгейі өте төмен әртүрлі жастағы топтар үшін коэффициенттер U әрпімен белгіленеді (unreliable дегеніміз-сенімсіз деректер), олар басқа әдіспен есептеледі.

Сондықтан 10-14 және 15-19 жас аралығындағы коэффициенттер жиынтық кестелерде мүлдем жоқ — бұл топтарда COVID-19 өлімі өте аз. Вакцина салдырмаған топта 20 және салдырғандар арасында 1 адам өлген. Бұл жағдайда қатысушылардың көрсеткішін салыстыруға келмейтінін ұмытпаған жөн.

Осы себептен 18-39 тобындағы мәліметтер біріктіріліп, 5 жылға кіші топтарға бөлінбеген: ең кейінгі ақпаратқа сай, 2020 жылдың желтоқсанынан бері Англия мен Уэльсте вакцианаға қатысы бар 15 өлім тіркелген, оның 10-ында негізгі себеп ретінде вакцина көрсетілген. Алайда олардың ішінде 35 жасқа дейінгі адам жоқ.

Қорытынды

  • 2021 жылғы 1 қаңтардан 31 қазан аралығында вакцина салдырмаған адамдармен салыстырғанда кемінде 21 күн бұрын вакцинаның екінші дозасын салдырған адамдарда Сovid-19-дан қайтыс болу қаупі 96%-ке төмен болған;
  • The Exposé деректерді “өздігінше” санаған және нақты жағдайды көру үшін маңызды саналатын қатысушылардың санын есептеу әдістеріне дейін елемеген;
  • Тағы да, біз әдіснамалық тұрғыдан деректердің контекстен қалай алынып, моральдық дүрбелең туғызу үшін қолданылатынын көріп отырмыз.

Фактчекер-журналист. Organised Crime and Corruption Reporting Project ұйымында тағылымдамадан өтті, Factcheck.kz сайтының авторы әрі шығарушы редакторы.

Factcheck.kz