Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шекпеген қаланың бары рас па?

6 ақпанда Түркия мен Сириядағы шекаралас аймақтарда араға 10 сағаттай уақыт салып екі ірі жер сілкінісі болды. Салдарынан Түркияың 11 провинциясы және Сирияның бірнеше қаласы зардап шекті. Кейінгі дерек (18 ақпан) бойынша 46 мыңнан астам адам қаза тапқан. Көптеген елді-мекен қирап, ғимараттардың жапырылып құлаған видеолары тарады.

Әлеуметтік желілер мен түрлі сайттарда жер сілкінісінің ошағына жақын орналасса да бірде-бір ғимараты құламай, адам шығыны болмаған аймақ табылды деген ақпарат желдей есіп жүр. Үйлердің құламай, адам шығынының болмауына аймақ басшысы Оккеш Елмасоғлының тек заң шеңберінде жұмыс істеп, ғимараттардың заңсыз салынуына қатаң тыйым салғаны түрткі болған. Бұл туралы көптеген белсенділер, қоғамдық пікір лидерлері мен ақпараттық сайттар жарыса жазуда. Осы орайда Factcheck.kz сайты ақпаратты тексеріп көрді.

Жер сілкінісінің ошағына жақын орналасса да Ерзин аймағында бірде бір ғимарат қирамай, адам шығыны болмаған. Бұл – аймақ басшысы Оккеш Елмасоғлының заң шеңберінде жұмыс істеуінің арқасында болды.

Желідегі ақпарат

Үкім: Шындыққа жақын және манипуляция

Шындыққа жақыны мынада: Зардап шеккен 11 провинцияның бірі Хатайға қарасты Ерзин ауданында расымен де адам шығыны болмаған, дегенмен орташа деңгейде бүлінген ғимараттар кездеседі. Бұл туралы CNN Turk-ке берген сұхбатында Ерзин басшысы Оккеш Елмасоғлы айтты.

Манипуляциясы мынада: Көптеген сайттар мен белсенділер Оккеш Елмасоғлыдан “супер-каһарман” жасап, түрлі тақырып қойып, ақпаратты бұрмалауда. Яғни қала басшысының ұстанған саясаты қаланы қираудан сақтады дейді. Негізінен ауданның аса қатты күйремеуіне бірнеше себеп айтылды.

Бәріншіден, Елмасоғлының CNN Turk-ке берген сұхбатында көптеген үйлердің бір қабаттан тұратынын және ғимараттардың оның билікке келгеніне дейін салынғанын атап өтті. Ол 2019 жылы 31 наурызда Республикалық халық партиясының атынан сайланды.

Екіншіден, кейбір сейсмологтар Ерзин қаласының тектоникалық тұрғыда өте мығым орналасқан дейді. АҚШ-тың геологиялық қызметіне қарасты сейсмикалық белсенді аймақтар картасынан 6-17 ақпан аралығындағы датаны қарағанымызда Ерзин ауданында аса қатты тоқулардың болмағынан көреміз. Яғни бұл сейсмологтардың сөзін растайды. Стамбул университетінің экс-профессоры Окан Туйсуз Ерзин маңайында тектоникалық қозғалыстың жоқ екенін айтты.

Үшіншіден, Ерзин аймағындағы топырақтың геолоиялық құрылымы жақсы әсерін берді дейді кейбір сейсмологтар. Зерттеулердің нәтжесінде құм-аралас топырақтан қарағанда тас-аралас топырақ әлдеқайда төзімді келеді. Йылдыз университетінің профессоры Шүкру Ерсойдың: “Хаса, Ислахие, Кырыкхан, Антакья және Самандак аймақтары топырақ жағдайларының нашарлығынан қатты зардап шекті. Бәлкім, Ерзин аймағы топырағының арқасында аман қалған болар” дейді.

Ерзин туралы

  • Ерзин ауданының экономикасы ауыл шаруашылығына негізделген: көпқабатты үйлер аз;
  • Ерзиннің өнімдерін сататын арнайы сайт та бар. Бұл жерден ауыл шаруашылық заттарын алуға болады;
  • Ерзин 1987 жылдан бері аудан статусына ие;
  • Қазір ауданда 41 300 адам тұрады.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz