Мектептерде өлімге әкелетін жаңа трендтің пайда болғаны рас па?

Кейінгі күндері әлеуметтік желілерде, әсіресе WhatsApp-та “жаңадан пайда болған тренд” жайлы түрлі видео-мәтіндер жаппай тарап жатыр. Тарқата айтатын болсақ, жаңа “тренд” бойынша екі адам ортаға бір адамды алып, өзінің артынан секірген қимылды қайталаған сәтте шалып құлатады. Осы арқылы “Skull Breaker” деп аталатын челленджге қатысады-мыс. Бұл қандай видео, қашан тарады? Көптің сұрауымен Factcheck.kz ақпаратты тексеріп көрген еді.

Кратко: мектептерде ойыннын мынандай новый тренд басталды. Видеодан карандар. Екы бала каза тапты осындай ойыннан. Сак болыныздар! Балдарынызга жане баска ата аналарга жеткызыныз. [ред. – мәтін стилі сақталды]

WhatsApp-ғы мәтін

Үкім: Манипуляция

TikTok-та бұндай трендтің шыққаны рас, әлемнің түкпір-түкпірінен осыған ұқсас челлендж-видеолар бір уақытта тарады, тіпті бір қыздың қаза тапқаны хабарланды. Алайда, бұл видеолар осыдан үш жыл бұрын шыққан, қазір актуалды емес. Сондықытан да WhatsApp-та халықты әбігерге салып, қорқытып-үркіту – манипуляция.

Десе де! Баларыңызға мұндай челлендждің барын және оған қатысу қауіпті екенін айтып, алдын ала ескертіп қойған жөн.

Челлендж қайдан шықты

2020 жылдың ақпанында “Skull Breaker Challenge” немесе “The Tripping Challenge” деген хэштегпен видеолар бір уақытта тарала бастады. Мектепте, далада, көшеде тіпті үйде де түсірілгені бар. Бразилияның Мосоро қаласында 16 жасар Эмануэла Медейрос есімді қыздың осы челенджді қайталаймын деп бас сүйек жарақатын алып, қайтыс болған. Ал АҚШ-тың Флорида штатында 16 жасар мектеп оқушысы челлендж салдарынан мойын омыртқасы мен басынан жарақат алған. Одан бөлек тағы бір бала видеодағы қимылдарды қайталаймын деп оң жақ қолы екі жерден сынған. Артынша видеодағы әрекеттердің зияны туралы материалдар да шықты, ата-аналар шулап, жаңалықтарда челенджінің қауіпті екенін айта бастады (CBC, ABC News, BBC, Washingtonpost.com және т.б.). Кейін пандемия басталып, челлендж тоқтады. Мысалы бізде қазір тарап жатқан монтаждалған видеоның кадрлары осы бүған дейінгі тараған видеолардан алынған.

Тағы да қауіпті челлендж

  • 2022 жылы көктемнің аяғында “Blackout” челленджі де жаппай таралған еді. Бұл жерде адамды мойнынан буындырып, біраз уақыт ұйқыға жіберу (талықсытып жіберу) және оны видеоға түсіру. Салдарынан АҚШ-та тұратын бірнеше бала қайтыс болған.
  • 2016 жылдары “синийй кит” деген ойын-челлендж пайда болып, ол да бірнеше баланың өммірін қиған еді.
  • 2018 жылдары “момо” ойыны да балалар үшін айтарлықтай қауіпті болды.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz