Мектепте баланың көңіл-күйіне байланысты препарат беретіні рас па?

Кейінгі аптада әлеуметтік желілер мен сайттарда “Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алын алу” туралы кешенді жоспар қоғам тарапынан қызу талқыланып жатыр. TikTok-та тараған видеоларда Egov-қа кіріп, қаулыға қарсылық жасауды үгіттеуде. Видеодағы адамның айтуынша, мектепте балалардың көңіл-күйіне байланысты психолог дәрі тағайындайды-мыс, ал егер ата-анасы қарсылық білдірсе баланы тартып алады. Осы орайда Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.

@bekirersag #егов#заң#Қазақелі🇰🇿#rge#viral#turkey #suriye #nature ♬ original sound – ersağ_QAZAQ🇰🇿

Мынадай бір сұмдық заң шығып жатыр. Бұл заң деген қысқаша айтқанда, мектепте сіздің балаңыздың көңіл-күйі шамалы деп мектептің психологы айтатын болса немесе дәрігер айтатын болса, онда сіздің балаңызға наркотический-психотробный препараттарды беруге мәжбүрлейді. Егер сіз өзіңіз бермесеңіз Ювенальный закон жұмыс істейді де сіздің балаңызды тартып алады. Қысқаша айтқанда осылай.

Видеодағы ақпарат

Үкім: Фейк

Біріншіден, бұл қаулы әлі қабылданған жоқ, 21 ақпанға дейін қоғам талқысына шығарылып, одан кейін уәкілетті орган келіп тсүкен ескертулерді ескере отырып қабылдайды. Екіншіден, қаулы қабылданған күннің өзінде ол қолданыстағы заңдардан жоғары тұра алмайды. Қаулы шеңберінде ешкімді сот үкімінсіз ата-ана құқығынан айыра алмайды. Үшіншіден, ата-ананы құқығынан айыру не шектеу – “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” Кодексі аясында жүзеге асады. Осы Кодекстің “ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу” деп аталатын 12-тарауында ата-ананы қандай жағдайда құқғынан айырып не шектейтіндігі жазылған. Ал желіде қызу талқыланып жатқан қаулыда балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар ғана жазылған.

Ал балаларға берілетін препаратқа келетін болсақ, бұл ақпарат ЮНИСЕФ-тің Қызылорда облысы жасөспірімдер арасында психикалық денсаулықты нығайту және суицидтің алдын алу жөніндегі тәуелсіз бақылаудың есебінен алынуы мүмкін (Есеп 2017 жылдың қазаны мен 2018 жылдың сәуірі аралығында жүргізген тәуелсіз бағалаудың нәтижесіне негізделген). Яғни осы бойынша суицидтің алдын алу үшін 10 тәжірибе жұмысы ұсынылды. Соның 6-тәжірибесінде “фармакологиялық емге қолжетімділікті жақсарту” яғни антидепрессантты және транквилизаторды енгізу пилоттық бағдарламасы жасалды. Дегенмен бұл пилоттық жүйе 3 фактор бойынша түрлі қиындықтарға ұшыраған:

  • Дәрі- дәрмектің отбасылар үшін қол жетімділігі (жасөспірімдерді антидепрессантармен емдеу құны – айына 15-20 АҚШ доллары);
  • Дәрі-дәрмек қорының жоқтығы;
  • Жалпы тәжірибелік дәрігерлердің антидепрессантты тағайындағысы келмеуі.

Қаулыны ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жүзеге асыруда. Қоғам талқысына 7 ақпан күні шығарылған.. Содан бері 23 мыңға жуық адам көріп, 1872 пікір қалдырып, 778 дизлайк басқан.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz