Қазақстандағы зиян тағамдарға салық: әлем тәжірибесі не дейді?

24 мамырда мәжіліс отырысында депутат Магеррам Магеррамов «салық әкімшілігі бюджетті толтыру үшін әлеуметтік маңызы бар және халықтың денсаулығына оң әсер ете алатын құралдарды назарға алмай отыр» деп мәлімдеді. Спикер зиянды тағамдарға салынатын салықты солардың қатарына жатқызды. Ол оның әлемде кең тарағанын және жағымды әсері барын атап өтті. Отырыс бұған дейін жарияланған саңырауқұлақ пен жидек теру салығына қарсы өтті, себебі бұлардың пайдалы тағам екені айтылған. Factcheck.kz редакциясы әлем тәжірибесін зерттеп, мұндай салық енгізген соң басқа мемлекеттерде не өзгергенін зерттеп көрді.

Денсаулық салығы (health tax)

Зиянды тағамдарға ең кең тараған салық — health taxes (сөзбе сөз аударғанда — денсаулық салығы). Ол алкоголь, табак және құрамында қант көп өнімдерге салынады. ДДСҰ акциз саясаты ұтылмайтынын, бұл әрі өмрді құтқарып, әрі бюджетті толтыратынын айтады. Алғаш рет құрамында қант бар сусындарға салынатын салық туралы Қазақстанда 2020 жылы айта бастады. Бір жыл бұрын Дүниежүзілік банк қызметкерлері «Қазақстандағы құрамында қант бар сусындарға салынатын салықтың халықтың денсаулығы мен табысына ықпалы» деген баяндама жариялады. Онда зерттеушілер мұндай сусындар бағасын көтеру солардан туындайтын аурулар төмендейтіндіктен, денсаулық сақтау шығындарының азаятынын және өмір ұзақтығы артатындықтан, халықтың еңбек табысы көбейетінін айтты.

«Қазақстанда әртүрлі схема арқылы салық салуды модельдеу 2022 жылға қарай 182 млрд теңгеге дейін түрлендіріп, басқа мемлекеттердің мысалында құрамында қант бар сусындардың тұтыну көрсеткішін төмендете алады».

Кейт Мандевилл, Дүниежүзілік банктің денсаулық сақтау жөніндегі бас маманы

«2021-2025 жылдарға арналған “Дені сау ұлт” әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасында 2023-2025 жылдары құрамында қант бар сусындарға акциз енгізіп, салықты 20-45%-ке арттыратыны айтылған.

Қант салығы (sugar tax)

Тамақтану туралы жаһандық баяндама деректерінше, Қазақстанда әйелдердің 25,3%-і, ерлердің 21,4%-і семіздікке шалдыққан. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы көрсеткіш те біртіндеп артып келеді. Қазақстанда семіздіктің тарауы аймақтағы орташа көрсеткіштен жоғары: әйелдердің 10,3%-і, ерлердің 7,5%-і. Диабетке шалдығу: әйелдердің 13,0%-і, ерлердің 14,5%-і. Мұндай тенденцияларға Қазақстан ғана тап болмаған, сондықтан біршама елдің қантқа тәуелділікпен салық салу арқылы күресу тәжірибесі бар. 2016 жылы ДДСҰ құрамында қант бар сусындарға салынатын салықты созылмалы және инфекциялық емес аурулармен мен балалар семіздігімен қатар басымдыққа ие деп атады (1, 2).

Қант салығын енгізген мемлекеттердің бірі – Мексика. Олар салықты 2014 жылы енгізген. Жаңа салық бағдарламасының нәтижесі туралы зерттеуге қатысқан топтың 50%-тен астамы зиянды сусындарды үнемі қолданса, 10%-ке жетер-жетпес адам мүлдем тұтынбаған. Салық енгізген соң тұрақты тұтынушылар саны до 43%, бұрын қолданбағандар қатары 14% болған. Онда басқа мемлекеттер бойынша да деректер келтірілген: Финляндияда 2011-2013 жылдар аралығында тәтті сусындарға сұраныс 4,7%, Венгрияда 10,2%, Францияда 2012-2013 жылдары 6,7% азайған.

Бюджетке ықпалына келсек, алынған ақпараттардың бәрін негізге ала отырып 2019 жылы зерттеушілер салық оны енгізуге кеткен әр доллар денсаулық сақтау саласындағы шығындардан 3,98 доллар үнемдеуге ықпал ететінін болжаған. 2023 жылы да осы деректер келтірілген. Еңбекте акциз семіздіктің 239 900 жағдайының алдын алуға көмектесетінін, оның 39%-і балалар болатыны айтылған.

Ұлыбританияда да жағымды өзгеріс тіркелген. Бір айта кетерлігі, алкогольсіз сусындарды сатып алудың жалпы көлемі азаймаған, бірақ қант тұтыну көрсеткіші кеміген. 2019 жылы сарапшылар отбасылар тұтынатын сусындардағы қант көрсеткіші 30 г. я 10%-ке азайғанын тіркеген. Бұл өнеркәсіпке зиян тигізбей, денсаулық сақтау саласына оң ықпал етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ салық салынбайтын сусындардағы қант мөлшері артқаны, ал ең жоғары деңгейдегі мөлшері азайғаны айтылады. Қаржы министрлігі о баста салықтан 500 млн табыс түседі деп болжаған, бірақ 2018 жылы ол 240 млн. болған. Англияда түскен ақшаны мектептердің спорт лубтары мен таңғы ас клубтарына жұмсайды.

Майлы тағамдар салығы (fat tax)

Қант акцизінен бөлек, fat tax та бар. Бұл денсаулық үшін зиян саналатын және семіздікке алып келетін тағамдарға салынатын арнайы салық. Ол чипсы, шоколад және тапсырыспен жеткізілетін қуырылған тағамдар секілді құрамында қант/май көп тағамдарға салынады.

Мұндай салық Мексикада бар. Fat tax онда қант салығымен бірге 2014 жылы енгізілген. «Есеп берілетін» азық-түлік тізіміне калориясы ≥275 ккал/100 г тағамдар жатады: тұзды тіскебасарлар, чипсы, тәтті нан, мұздатылған десерттер және т.б. Бірінші жылдан соң зерттеушілер калориясы жоғары азық-түлік сатып алу азайғанын атап өткен. Дегенмен, олар бұл саладағы зерттеулер аз екенін, бұл осы күнге дейін өзгермегенін айтады.

Осы орайда Дания тәжірибесіне жиі назар аударылады. Жаңа салық механизмі 2011 жылғы қазанда енгізілген. «Зиянының» индикаторы ретінде олар майдың төменгі пайызын қолданған. Осылайша 2,3% көрсеткішін салық санкцияларына жіберген. Ол қатарға junk food (зиян тағам — ред.) ғана емес, сары май, өсімдік майы, сүр, ірімшік пен ет те кірген. Бір жылдан кейін бағдарламадан бас тартты. Үкімет fat tax пайдасы жоқ екенін, себебі халық тамақтану әдеттерін өзгерткенін мәлімдеді. Зерттеушілер сәтсіздікке саясаткерлердің халықтың денсаулығы туралы емес, мемлекеттің табысын арттыруды ойлағанына байланысты болды деген пікірді ұстанады. Сәтсіздікке қарамастан, бастаманың жағымды әсері де болды: қанық майларды сатып алу 4-6% азайған, ал қазынаға түскен қосымша салық 216 млн доллар болған.

Венгрия да 2011 жылы денсаулық жолына түскен. Онда салық жүйесі шартты түрде «chips-tax» деп аталады (қаз — чипс салығы). Ол тәтті және тұзды өнім саудасын реттейді. Венгрлер о бастан жаңа салық шешуі керек екі мәселені атаған: медицинаны жете қаржыландырмау және халық денсаулығының нашарлауы. 2019 жылы UK Health Forum (HealthLumen) қайырымдылық ұйымы венгр кейсін зерттеп көрген. Сарапшылар бағдарламаны екі фактор бойынша сәтті деп бағалаған: салық арқылы медиицна қызметкерлерінің еңбекақысын арттырған, сонымен қатар тәтті сусындар, кондитер өнімдері мен тұзды тіскебасар тұтыну көрсеткіші азайған.

Сын

Зиянды тағамдарға салынатын салық — тамақтану әдеттерін өзгерту арқылы халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсарту амалы. Мысалы, Данияда қымбаттаған тағамдардан бас тартудың орнына, оларды көрші мемлекеттерге барып алып отырған. Яғни, мемлекет ішінде майлы тағамдарға сұраныс төмендеген, бірақ тоңазытқышта азаймаған. Мемлекет ішінде тұзды өнім саудасы да артқан. Клиникалық тамақтану еуропалық журналында зерттеу авторлары майды тұтынуды азайту және рациондағы жасұнықты арттыру жылына 165 өлімнің алдын алатынын, бірақ артық тұз қосымша 41 өлімге себеп болады деген қорытынды жасайды. Тәтті сусындарға бейілділікті Филадельфия халқы да көрсеткен: қант салығын енгізген соң олар көрші мемлекеттерде сауда жасауға көшкен.

Тамақтану әдеттерін өзгерту мен денсаулықты жақсартуға кепілдік жоқ екенін бөлек, сынаушылар жұмыс орындары азаюының мүмкін екенін (Даниядағыдай), мұндай салықтар әлеуметтік шиеленісті арттыруы мүмкін екенін, себебі арзан зиян тамақты тұтынатындар пайдалы, бірақ қымбат тамақ сатып ала алмайтын аз қамтылған адамдар екенін айтады.

Кешенді шаралар

Тамақ салығының нәтижесін зерттегенде негізінен модельдеу әдісі қолданылады, себебі әлі де деректер аз және оларды қазіргі көрсеткіштермен байланыстыру қиын. Мысалы, ДДСҰ тиімді салық саясаты бар мемлекет ретінде мысалға келтіретін Венгрияда 2020 жылы денсаулық сақтау индикаторлары өзгермеген (1, 2): семіздік пен қант диабетіне шалдыққан адамдар көбейіп жатыр, ал өлім мен мүгедектік қаупінде дене салмағын индексі өте жоғары болып тұр.

  • Қазақстандағы зиян тағамдарға салық: әлем тәжірибесі не дейді?
  • Қазақстандағы зиян тағамдарға салық: әлем тәжірибесі не дейді?
  • Қазақстандағы зиян тағамдарға салық: әлем тәжірибесі не дейді?
  • Қазақстандағы зиян тағамдарға салық: әлем тәжірибесі не дейді?
  • Қазақстандағы зиян тағамдарға салық: әлем тәжірибесі не дейді?

Оның себебі, біріншіден, ұзақ мерзімді перспективада, екіншіден, кешенді тәсілдің қажеттігінде. Бір ғана Ұлттық тамақтану стратегиясында жеті тармақ бар:

Қазақстандағы зиян тағамдарға салық: әлем тәжірибесі не дейді?

Зиян тамақтарға салық салудан бөлек, масштабты мемлекеттік бағдарламалар керек екенін көріп отырмыз. Мысалы, Венгрияда мектептер мен қоғамдық тамақтану орындарындағы тамақтану стандарттары артқан, пайдалы тағамдарға субсидия енгізу мәселесі талқыланып жатыр.

Дене салмағының көп болуы тек дұрыс тамақтанбаудан емес, генетикадан, физикалық белсенділіктің төмендігінен, күн тәртібінің дұрыс жоспарланбауынан, экологияның нашарлауынан және т.б. себептермен де болуы мүмкін. Сондықтан халықтың артық салмақпен күресінде зиянды тағамды бақылаумен ғана емес, ағартумен, тамақтану сапасын арттырумен, физикалық белсенділікті насихаттаумен де айналысу керек.

Контекст

ДДСҰ дерегінше, әлемдегі өлім жағдайының 74%-і инфекциялық емес аурулардан болады. Оған жүрек-қан тамыры аурулары, рак және диабет секілді созылмалы респираторлы аурулар жатады. Инфекциялық емес аурулардан болатын өлім қаупін алкоголь, табак өнімдері, физикалық белсенділіктің төмен болуы және дұрыс тамақтанбау өршіте түседі.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz