Фейк | Pfizer-дің бас директоры Альберт Бурла қамауға алды

Интернетте Pfizer-дің бас директоры Альберт Бурланы ФБР «COVID-19 вакцинасының тиімділігі туралы тұтынушыларды алдаудағы ролі үшін» алаяқтық айыптары бойынша қамауға алды деген жаңалық тарап жатыр. Бурла өзінің кепілге босатылуына қатысты сот отырысын күтіп қамауда отыр деп хабарланды.

Фейк | Pfizer-дің бас директоры Альберт Бурла қамауға алды

Instagram постының скриншоты

Ақпаратты оқырмандар сұрауы бойынша тексереміз.

Үкім: Фейк

Альберт Бурла қамауға алынған жоқ. Бұл фейк жаңалықтың негізгі дереккөзі – жалған ақпаратты жүйелі түрде жариялайтын сайт.

Бұл ақпаратты бұрын Snopes және Stopfake.kz сайтындағы әріптестеріміз тексеріп қойды.

Бір қызығы, фейк дәл Бурла теледидарда белсенді сөйлеген күні пайда болған. Мысалы, ол CNBC және CNN арналарына сұхбат берді. Фейк жаңалықта Бурла таңертең тұтқындалды деп хабарланады, бірақ ол өзінің Twitter-дегі аккаунтына сағат 17.00-де кірген, жоғарыдағы инфтервьюларда Pfizer компаниясы қазір жасап жатқан коронавирусқа қарсы препараттар туралы айтқан еді.

Толығырақ: бірінші дереккөз туралы

Альберт Бурланың қамауға алынғаны туралы жаңалық алғаш рет 5 қарашада Conservativebeaver.com сайтында жарияланды. Сайттың өте қызық сипаттамасында «U of O» университеті жатақханасында басталып, кейін астыртын газет ретінде бүкіл Монреальға тараған Conservative Beaver (қазақша, Консерватив құндыз) канадалықтарды 10 жылдан бері негізгі ақпарат құралдарынан естімейтін балама көздерден алынған ақпараттан хабардар етіп келетіні айтылады. 

Шын мәнінде, БАҚ-тың қаншалық сенімді екенін бағалайтын Media Bias/Fact check бойынша, Conservative Beaver – бұл 2020 жылы ғана пайда болған күмәнді дереккөз ретінде жіктелген аноним сайт.

Күмәнді дереккөз мына критерилердің бірін немесе бірнешеуін көрсетеді: шектен тыс алдын ала ойлау, үгіт-насихат/конспирация теорияларын үнемі ілгерілету немесе ішінара немесе толық сенімді ақпарат көздеріне сілтеме жасалмауы, ашықтықтың толық болмауы және/немесе жалған жаңалықтарды жариялау.

Media Bias/Fact check

Контекст: PfizerGate

Бір қызығы, фейк жаңалық тақырыбы жарияланғаннан кейін көп ұзамай аздап өзгерді [A1] – «PfizerGate» сөзі қосылды. Еске салайық, дереккөз Альберт Бурланың қамауға алыну себебі ретінде COVID-19 вакцинасының тиімділігі туралы алаяқтық пен алдау дейді.

Фейктің жасалуына журналист Пол Такердің жақында жүргізген зерттеуі туралы жаңалық себеп болса керек, Pfizer вакцинаның клиникалық сынақтарының үшінші кезеңін жүргізуге жалдаған зерттеу ұйымдарының бірі Ventavia Research Group жұмысының кей бөлігінде бұзушылықтар болды (ұйымға 1000 қатысушы сеніп тапсырылды, – ред.).

Атап айтқанда, соқыр хаттамасын, вакциналарды таңбалау және сақтау ережелерін бұзу, мәліметтерді бұрмалау және т.б. туралы айтылады. Тергеу компанияның бұрынғы қызметкері, аймақ жетекшісі Брук Джексонның айғақтарына негізделген, ол FDA-ға шағым жазғаннан кейін жұмыстан шығарылды делінген.

Жалпы алғанда, Pfizer вакцинасы сынағының үшінші кезеңіне 43 мыңнан астам адам қатысты.

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz