Фактчек | Тоқаев Атырау облысына бөлінген грант саны туралы

8 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барды. Президент аймақ жұртшылығымен кездесіп, облысқа қатысты бірнеше дерек келтірді. Factcheck.kz оның айтқан сөзі қаншалықты рас екенін тексерді.

Президенттің сөзі (тайм-код: 21:43-21:53)

Атырау облысына бөлінген 4 мың гранттың 800-ге жуығы ғана игерілген. Бұл – өте төмен көрсеткіш.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық

Ғылым және жоғары білім министрлігінің бізге берген ақпартына сай, Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы берген тапсырмасы аясында Атырау облысына 4 мың нысаналы білім гранты бөлінген. Облыс бойынша 777 талапкер ғана республикалық грантты ұтып алған.

Контекст

[infogram id=”a806df43-77d4-4f8e-864d-e750fcab883f” prefix=”UO3″ format=”interactive” title=”Тоқаев контекст”]

Журналист-фактчекер, әлеуметтік ғылымдар магистрі. Factcheck.kz сайтының авторы. Poynter Institute ұйымының онлайн-курсынан өткен.

Factcheck.kz