Фактчек | Қазақстан дәрігері және Нобель сыйлығы

Today.kz порталы 5 наурызда мынадай материал жариялады: «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ ұрық жасушаларын трансплантациялау бөлімінің бастығы, бағаналық жасушалар саласындағы бірқатар ғылыми зерттеу әзірлеуші Самат Сапарбаев Ресей мен ТМД өнертабысының дамуына қосқан үлесі үшін Нобель медалімен марапатталды… Сыйлық Мәскеуде беріледі. Медаль алдыңғы қатарлы өнертапқышқа халықаралық маңызы бар және халықаралық деңгейде мойындалған жұмысы үшін беріледі». Бұл туралы осы медициналық мекеме сайтында да хабарланған.

Мақала авторы «жоғары награда» деп атаған медаль бізді қызықтырды, оның қандай сыйлық екенін, оны кім табыстайтынын және сыйлықтың қаншалықты беделді екенін анықтадық.

Мұнда Альфред Нобельдің еш қатысы жоқ

Әйгілі Нобель сыйлығының Нобель медалімен ешқандай байланысы жоқ. Ресейдің жаратылыстану ғылымдары академиясы (РЖҒА) деп аталатын сайттан мынадай жарнама таптық:

Фактчек | Қазақстан дәрігері және Нобель сыйлығы

Сайтта ғалым немесе маман қандай шарт бойынша медаль ала алатыны айтылмайды, бірақ көріп отырғанымыздай, оны алу Нобель сыйлығын алудан оңай.

Бұл қандай академия?

Заңды тұлғалар тізімінде негізгі қызметі «Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы басқа да зерттеулер мен әзірлемелер» болатын «Жаратылыстану ғылымдары академиясы» жаратылыстану ғылымдарын дамытудың автономды коммерциялық емес ұйым ретінде тұр.

Фактчек | Қазақстан дәрігері және Нобель сыйлығы

Академия құрылтайшылары арасында медаль алуға өтініш жіберетін электронды поштаның иесі, РЖҒА ғылыми хатшысы, м.ғ.к., РЖҒА профессоры Наталия Юрьевна Стукова бар. Бұл азаматшадан бөлек, Бизенковтар әулеті де құрылтайшы ретінде тіркелген.

Фактчек | Қазақстан дәрігері және Нобель сыйлығы

Бұл мекеменің Ресей ғылым академиясына еш қатысы жоқ. Ресей ғылым академиясы (РҒА) құрылтайшысы және меншік иесі – Ресей Федерациясы. І Петр құрған бұл мекеменің Нобельге және оның мұрасына да ешқандай қатысы жоқ.

РЖҒА екі мыңыншы жылдары қаптап кеткен фейк академиялардың қатарынан. Тіптен бұл ұйымды алаяқтар деп атайтын мекемелер де бар:

Фактчек | Қазақстан дәрігері және Нобель сыйлығы

Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, РҒА профессоры немесе кеңесшісі болу оңай емес. Ол үшін көп жұмыс істеп, анкета, өтініш толтырып, дипломдар сканерін жіберуіңіз керек, қосымша құжаттар да болуы мүмкін. Бір емес бірнеше тексеруден өткеннен кейін ғана қабылдануыңыз ықтимал. Онда да нақты емес…

Қорытынды

  • Бұл сыйлық ешқандай да беделді емес және оның Нобель сыйлығына, жалпы Нобель мұрасына еш қатысы жоқ.
  • Ресей жаратылыстану академиясы – кез келген адам ала алатын, атақты ғалымдар есімі бар наградаларды басып шығаратын күмәнді ұйымның бірі. Олар заңды бұзбаса да, «сұр аймақта» орналасқан, демек «наградаларын» РҒА-ның ғылыми қауымдастығы мойындамайды.
  • Айтпақшы, Самат Сапарбаев жұмыс істейтін «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ – кезінде тұңғыш президент бұйрығымен құрылған шынайы ғылыми және медициналық ұйым.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz