29 маусымда өткен Мәжіліс отырысында депутат Бауыржан Сартбаев денсаулығына байланысты әскерге қабылданбағандарға қатысты дерек келтірген. Factcheck.kz депутат қаншалықты рас сөйлегенін тексерді.
Мәлімдеме: Жыл сайын қазақстандық армия қатарына 35 мыңға жуық жас шақырылуы керек. Оның ішінде денсаулық жағдайына байланысты 30%-тен астамы қызмет ете алмайды.
Бауыржан Сартбаев
Үкім: Техникалық қате
Депутат деректерді шатастырғанға ұқсайды. Қорғаныс министрлігінің мәліметтеріне сүйеніп, кейінгі бес жылдағы статистикаға қарасақ, әскерге шақырылушылар саны 270 мыңнан 165 мыңға дейін азайған. Олардың тек 35 мыңға жуығы [жыл сайын – ред.] әскерге қабылданған, одан бөлек 20-30 мың аралығындағы жас денсаулығына байланысты қабылданбаған. Төменнен тарқатуын оқыңыз.
Егер әскерге шақырту жіберілген (жіберілген повестка саны) адам санымен есептесек, оның 10-12%-і денсаулығына байланысты әскерге қабылданбаған. Толық деректі төмендегі инфографикадан қараңыз.
[infogram id=”8fcdf119-e02f-401a-8895-ec51d02884a2″ prefix=”UBS” format=”interactive” title=”Әскерге шақырылғандар”]
Бірақ шақырту жіберілген адамның медициналық тексерістен барлығы (түрлі себеппен) өтпейтінін ескерсек — бұл дерек дұрыс емес; мұны әскерге қабылданған адамдар мен қабылданбағандардың санынан да байқауға болады.
Демек, денсаулығына байланысты әскерге бармағандар көрсеткішін қабылданған/қабылданбағандар санынан шығаруымыз керек. Бұл тұрғыдан қарасақ, расымен олардың көрсеткіші 30%-тен жоғары.
[infogram id=”97dc5068-bacf-460e-8c1b-9dde91f89a7a” prefix=”GCf” format=”interactive” title=”Әскер”]
Мәлімдеме: Бұл жағдайда патологияның көп бөлігі мектепте анықталады <…> Кейінгі екі жылда көру органдарының аурулары бар балалардың саны 3 есеге, психоневрологиялық патологиялар 2,7 есеге, омыртқа аурулары 2,4 есеге көбейді.
Бауыржан Сартбаев
Үкім: Манипуляция
Депутат келтіріп отырған деректер тек екі жылдыкі, ал өсім/кему туралы айтсақ, кем дегенде бес жылдық ақпаратты талдау маңызды. Мысалы, 2020 жылғы көрсеткішке карантиннің ықпалы болуы мүмкін. Ал 5 жылдық статистикада, керісінше, депутат айтып отырған патологиялар кеміген. Кейінгі екі жылдағы статистика “еселенбеген”, патологиялардың көрсеткіші 1 есе көлемінде ғана өскен.
[infogram id=”49e6e3b3-72ed-42f7-a33f-351d5712a511″ prefix=”nsK” format=”interactive” title=”Патологиялардағы өсім”]