Ауызашарда газдалған сусын ішу зиян ба?

Әлеуметтік желілерде газдалған сусындардың зияны туралы ескертуі бар сурет тарап жатыр. Онда газдалған сусынды әсіресе Ауызашар кезінде ішу өте зиян, өйткені ұзақ уақыт аш жүрген асқазанға бірден газдалған сусын ішсе «бүйрек жұмыс істемей қалуы мүмкін» екені айтылған. Оқырмандардың өтінішімен бұл ақпаратты тексереміз.  

Сурет алғаш 2018 жылдың 22 мамырында постердегі компания парақшасында жарияланған. Хабарлама Қазақстан мен Қырғызстандағы желі қолданушылары арасында кеңінен тарады. Естеріңізде болса, 2018 жылғы Рамазан айы 16 мамыр мен 14 маусым аралығында болған.

Үкім: Манипуляция (бірақ…)

— АҚШ-тың Ұлттық биотехнологиялық ақпарат орталығының дерегіне сүйене отырып, бүйректің кез-келген созылмалы ауруы әдетте баяу дамитынын және ауыр себебі болмаса (мысалы, химикаттармен улану сияқты) бірден жұмыс істемей қалуы мүмкін емес деген қорытындыға келеміз.
— Дегенмен ескерту денсаулығында кінәрат бар адамдар үшін де, жалпы ораза ұстаған адамдар үшін де маңызды, өйткені бүйрек ауруын ерте кезеңдерде анықтау қиын, ал бүйрек ауруынан Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан да көп адам қайтыс болады.
—Газдалған сусында пайдалы ештеңе жоқ, әсіресе аш қарынға ішпеген дұрыс, ал кола секілді сусындарды бүйрек ауруларын зерттеушілер жиі пайдаланбауға кеңес береді. Толығырақ төменде.

ДДСҰ оқу орындарының директорларына мектеп маңы мен аумағында газдалған сусынды сатпауды сұрайды.

Газдалған сусынның өзі қауіпсіз өнім болғанымен, ҚМДБ (Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы) оны тіпті оразаға дайындық ретінде Рамазан айы басталардан 10 күн бұрын тоқтатуға кеңес береді.

Рамазанға физикалық тұрғыдан да дайындалу керек, қуырылған және ащы тағамнан, кофе мен газдалған сусыннан бас тартқан дұрыс, өйткені олар ағзаны нашарлатады.

Оған қоса ҚМДБ газдалған сусын артық салмақ пен асқазан ауруына әкеп соғатындықтан оны пайдалануды тоқтату керек дейді.

Газдалған сусын зиян ба?

Бүйректің және басқа да ағзалардың қатерлі ісігінің пайда болуына тәтті газдалған сусындардың әсері қандай екенін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеуде салыстырмалы тәуекел 1.03-ке тең немесе 95% дәлдікпен айтқанда 0.96-1.11 аралығында өзгеріп отыруы мүмкін. Салыстырмалы тәуекел – ауру қаупі бар топ пен бұл қауіп төнбеген топтың арақатынасы. Бұл дегеніміз, зерттеу газдалған сусынның зияны бар екенін жоққа шығармайды, растамайды да. Себебі зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша науқастанған адамдардың саны, қатерлі ісік анықталмағандардың санымен бірдей. Сонымен қатар, зерттеуде ғылыми жұмыстың белгіленген стандарттарға қатысты сапасы төмен екені айтылған.

Газдалған алкогольсіз сусындарда тағамдық және түрлі-түсті қоспаларды пайдалануға болады, олар ғылыми зерттеу негізінде қауіпсіз деп танылған, FDA-ден (АҚШ азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау басқармасы) көруге болады. Мысалы, ол ароматизатор немесе консервант ретінде қосылған лимон қышқылы немесе карамель бояуы болуы мүмкін. Өнім сатылатын бөтелке мен банкаларға қауіпсіздікті сақтау мақсатында қатаң ережелер қойылған.

Бүйрек ше?

Зерттеу нәтижесі газдалған сусынды пайдалану (нақтырақ айтқанда кола секілді сусынды) бүйректің созылмалы ауруын тудыруы мүмкін екенін көрсетті. Бүйрек ауруының пайда болуына түрлі себеп бар, мәселен, диабет, гипертония немесе аурудың тұқымқуалаушылығы. Қазіргі уақытта бүйрегі ауыратын науқастарға газдалған сусындардан бас тарту ұсынылады, бірақ бұл ұсыныстың дәлелі санаулы.

Газдалған сусынды пайдалану тәсілі адамға оның зиянын өлшейтін негізгі фактор, бірақ қорытынды біреу ғана: газдалған сусыннан пайда жоқ.

Қазақстандағы өкпе ауруы статистикасы

ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) 2017 жылғы соңғы мәліметі бойынша Қазақстанда бүйрек ауруынан қайтыс болғандар саны 5 мың 722-ге жеткен, бұл жалпы өлімнің 4.18%-ы. Статистика бойынша 100 мың адамға шаққанда бүйрек ауруынан 35 адам өмірден өтеді. Қазақстан өлім саны бойынша әлемде 15-орында тұр.

Қазақстандағы бүйректің созылмалы аурулары туралы толығырақ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы сайтынан оқыңыз.

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz