А гепатитінің вакцинациясы туралы аңыздар

2019 жылы Қазақстанда жіті вирусты гепатиттің 719 жағдайы тіркелді. Кейде жіті вирусты гепатиті дамып, жедел бауыр жеткіліксіздігіне әкеледі. Ауру көбіне А гепатитінің вирусы салдарынан дамиды. Оған қарсы қауіпсіз әрі тиімді вакцина бар және қазақстандықтар оны Ұлттық екпе күнтізбесі аясында тегін ала алады. Осы орайда желіде А гепатитіне қарсы вакцинацияның тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты негізсіз пікірлер көбейіп кетті.

FactCheck.kz осындай жазбалардың бірін талдап (мәтін авторы – әйгілі гомеопат Дина Бакина), дәлелдер арасынан үш манипуляция мен екі жалған мәлімдеме тапты.

А гепатитінің вакцинациясы туралы аңыздар
Посттың скриншоты

Мәлімдеме: Эндемиялық елдерде барлығы дерлік симптомсыз инфекцияны балалық шақта жұқтырады, сондықтан жасөспірімдер мен ересектер арасында клиникалық гепатит кездеспейді деуге болады. ДДСҰ бұл елдерде әмбебап вакцинацияны ұсынбайды

Үкім: Шындық және манипуляция

Автор өз жазбасында ДДСҰ-ның А гепатитіне қарсы вакциналарға қатысты позициялық құжатын сөзбе-сөз келтірген де, неге екені белгісіз, дереккөздегі басқа мәліметтерді айтпаған. Себебі бұл құжатта әңгіме жоғары эндемикалық елдер туралы еді. Атап айтқанда Сахараның оңтүстігіндегі Африка мемлекеттері мен Оңтүстік Азия аймағында елдер.

Бұл тұрғыда Қазақстан табыс деңгейі орташа санаттағы елдерге жатады, елімізде ауру деңгейі орташа мен төменнің арасында. ДДСҰ мұндай еледерге қатысты былай дейді: «Бір қызығы, жоғары деңгейдегі эндемикадан орташаға ауысқанда, клиникалық А гепатитімен ауыру арта түседі».

«Бұл елдерде [әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсы] салыстырмалы түрде ересек тұрғындардың көп бөлігі АВГ-ға сезімтал, сондықтан А гепатитіне қарсы жаппай вакцинация экономикалық тұрғыдан тиімді болуы ықтимал, сондықтан да екпе жасату ұсынылады», деп қорытынды жасайды ДДСҰ.

Өткен жылдың ортасында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева 2019 жылғы мәліметтерді салыстыра келе, жіті вирусты А гепатитімен ауыру екі есеге жуық артқанын атап өткен еді.

Мәлімдеме: А гепатитімен ауыру көбіне гомосексуал топтарда байқалады <…> осы орайда вакцинацияны дәстүрлі емес жыныстық бағыттағы ересектер арасында жүргізген жөн

Үкім: Жартылай шындық және манипуляция

ДДСҰ А гепатиті вирусын бұрын вакцинацияланбаған немесе осы инфекциямен ауырмаған кез келген адам жұқтыруы мүмкін екенін баса айтады. Ерлер арасындағы бір жынысты қатынас шынымен де қауіпті факторға жататыны дәлелденген, алайда қауіп мұнымен шектелмейді. Жұқтыру қаупі келесі жағдайларда да артады. Егер:

  • сіз жаман санитарлық жағдайда өмір сүрсеңіз / жұмыс істесеңіз;
  • сізге таза ауыз су қолжетімсіз болса;
  • ауруды отбасы мүшелеріңіздің бірі жұқтырсаңыз;
  • сіз жіті вирусты А гепатитімен ауыратын адаммен жыныстық қатынаста болсаңыз;
  • сіз екпе алмай жоғары эндемиялық елдерге баратын болсаңыз;
  • сіз есірткі қолдансаңыз.

ДДСҰ мамандары жоғары қауіптегі топтарды (мысалы пост авторы сілтеме жасаған гомосексуалдарды) вакцинациялау нақты бір қабылдаушыларға пайдалы екендігіне ерекше назар аударады. Мұндай шаралар жалпы халық арасында А гепатитімен ауыру деңгейін төмендетеді дегенге қатысты «дәлел өте аз».

Қазақстанда бұл аурудың соңғы ошақтары 2017 жылы (Шығыс Қазақстан облысында 31 жағдай) және 2018 жылы (Қарағанды облысында 30 жағдай) тіркелген. Бұл жағдайға түсініктеме берген еліміздің бұрынғы бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин аурудың негізгі себебі ретінде «сапасыз ауыз суды» нұсқаған еді. Оның айтуынша кейін инфекция «байланыс және тұрмыстық» жолмен таралған.

Мәлімдеме: 2019 жылғы VAERS дерегі бойынша А гепатитіне қарсы вакцинациядан кейін 140-тан астам адам қайтыс болып, 860 адам мүгедек болып қалған, сондай-ақ 4200-ден астам адам ауыр жағдайға душар болған

Үкім: Жалған

VAERS дегеніміз – АҚШ үкіметінің вакцинациядан кейін пайда болатын жағымсыз әсерлер туралы мәлімет жинайтын жүйесі. Бұл жүйенің 2019 жылғы қорытынды мәліметтеріне сәйкес, былтыр АҚШ-та жағымсыз әсер туралы бар-жоғы 77 азамат хабарланған. Оның өзі А гепатитіне (әңгіме моновакциналар туралы) қарсы екпеден кейін (салдарынан емес!) болған.

Бұл ретте ресми сайттағы дисклеймер былай дейді: «VAERS есептері вакциналардың қауіпсіздігін бақылау үшін өте маңызды, дегенмен оларды өздігінен вакцина аурудың немесе жанама әсердің дамуына себепші болып немесе ықпал еткенін анықтау үшін қолдануға болмайды. Есептерде толық емес, нақты емес, кездейсоқ немесе тексерілмеген ақпарат болуы мүмкін. Көп жағдайда VAERS-тегі мәліметтерді еріктілер енгізеді, сондықтан олар біржақты болуы мүмкін. Осы орайда бұл деректерді ғылыми мақсатта пайдалануға белгілі бір шектеулер бар»

Мәлімдеме: Вакцинациядан кейін 14 күн ішінде балалардың 1-10%-ында конъюнктивит, орташа отит, анорексия, ұйқысыздық және басқа да аурулар, ал ересектер арасында әйелдер етеккір циклінің бұзылуы және арқадағы ауырсынулар байқалады

Үкім: Манипуляция

Пост авторы аудиториясына А гепатитіне қарсы қандай вакцинадан кейін еріктілерде жоғарыда аталған жағымсыз реакциялар пайда болғанын айтпайды. FactCheck.kz зерттеліп жатқан инфекцияға қарсы ҚазаХаврикс ® 1440 ересек, Хаврикс ® 720 балалар (GlaxoSmithKline Biologicals s. a., Бельгия)қстанда тіркелген барлық вакциналарды тексеріп шығып, тек біреуінен ғана (франциялық препараттың нұсқаулығынан) жанама әсер ретінде ұйқысыздықты тапты.

Хаврикс ® 1440 ересек, Хаврикс ® 720 балалар (GlaxoSmithKline Biologicals s. a., Бельгия)

Негізі қауіпсіздік жөніндегі деректер екпе алған 5300-ден астам адамды зерттей келе жасалады. Бақылаудағы адамдарда көбіне (≥10%) тітіркену, бас ауруы, құсу, инъекция орнындағы ауырсыну және қызару, қатты шаршау тіркелген; сондай-ақ кейбір адамдарда (≥1%, бірақ <10%) тәбеттің жоғалуы, диарея, жүрек айну, ұйқышылдық, ісіну, инъекция орнындағы тығыздалу, температураның 37.5 °С-тан жоғарылауы, әлсіздік байқалған.

Вакта (Мерк Шарп және Доум Корп., АҚШ)

1-ден 2 жасқа дейінгі балаларда препаратты салған жердегі ауырсыну/сезімталдық, терінің қызаруы сияқты реакциялар өте жиі тіркелген; сондай-ақ жиі диарея, қызба, ашушаңдық, ісіну, ыстықтың көтерілуі, препаратты салған жердегі көгеру байқалған.

2-ден 17 жасқа дейінгі балаларда препаратты салған жердегі ауыру/сезімталдық сияқты реакциялар өте жиі тіркелген; сондай-ақ жиі бас ауыруы, қызба, ыстықтың көтерілуі, ісіну, көгеру, препаратты салған жердегі терінің қызаруы байқалған.

Оваксстар А (Sinovac Biotech Со., Ltd, Қытай)

Вакцинаны клиникалық сынақтарда қабылдаған адамдарда көбіне безгек қана байқалған еді.

 Өте жиіЖиі
Бастапқы дозадан кейінәдеттен тыс жылау, инъекция орнындағы ауырсынутәбеттің төмендеуі, ашушаңдық, ұйқысыздық, бас ауруы, іштің ауыруы, диарея, жүрек айну және құсу, артралгия (буындардың ауыруы), миалгия (бұлшық еттердің ауыруы), екпе салған жердегі қызару, ісіну немесе нығыздау, гематома, әлсіздік, қызба, астения немесе ұйқышылдық
Ревакцинациядан кейінтәбеттің төмендеуі, ашушаңдық, ұйқысыздық, бас ауруы, іштің ауыруы, диарея, жүрек айну және құсу, миалгия, инъекция орнының ауыруы, инъекция орнының қызаруы, ісінуі немесе тығыздалуы, әлсіздік, қызба, астения немесе ұйқышылдық
Кез келген дозадан кейінәдеттен тыс жылау, бас ауруы, инъекция орнындағы ауырсыну, әлсіздіктәбеттің төмендеуі, ашушаңдық, ұйқысыздық, іштің ауыруы, диарея, жүрек айну және құсу, артралгия, миалгия, екпе салған жердегі қызару, ісіну немесе нығыздау, гематома, қызба, астения немесе ұйқышылдық

Мәлімдеме: А гепатитіне қарсы вакциналардың құрамында бар алюминий және вакциналар өсірілетін адамның фибробласт жасушалары бала ағзасында аутизм мен аутоиммунды қабыну процестерін тудыруы мүмкін

Үкім: Жалған

ДДСҰ мәліметі бойынша А гепатитіне қарсы белсенді емес вакциналар, шынымен де, адамның фибробласттарында көбейеді және адъювант ретінде алюминий гидроксидіне адсорбцияланады.

FactCheck.kz бұған дейін де вакциналардағы алюминий уақыт сынағынан сәтті өтіп, жақсы зерттелген деп жазған. Оның қауіпсіздігінің негізі – кішкентай биожетімділігі (қан айналым жүйесіне жеткен өзгермейтін енгізілген дәрі-дәрмек дозасының мөлшері). Қазіргі уақытта «құрамында алюминий бар вакциналарды қолдану адам денсаулығына қауіпті» дегенге ешқандай дәлел жоқ. Мысалы мына жерде ғалымдар мен дәрігерлер тобы вакцинаны (мысалы В гепатитіне қарсы) салған кезде алюминий адъювантының дозасы тіпті бір айлық нәресте үшін де қауіпсіз диапазонға енетінін және тіндердің қауіпті жиналуын тудырмайтынын көрсететін егжей-тегжейлі есептеулер келтіреді.

Ал аутизмге келетін болсақ, біз мұндай мәлімдемелерді бірнеше рет талдаған едік. Барлық ауқымды ғылыми зерттеулер аутизм мен вакцинация арасында еш байланыс жоқ екенін көрсетті.

Ал біздің VoxUkraine-дегі фактчекер әріптестеріміз вакциналар құрамында аборт жасалған адам эмбриондарының жасушалары болып, адам денсаулығына қандай да бір зиян тигізуі мүмкін деген мифті жоққа шығарды. Қазіргі заманауи өндіріс технологиялары жоғары тазартылған препараттар алуға мүмкіндік береді. Дайын вакцинада ДНҚ қалдықтары өте аз (біз бір граммның триллионыншы бөлігі туралы айтып отырмыз) және соншалықты бөлшектене алмайды. Сондықтан олар қайтадан толыққанды, яғни адам үшін қауіпті ақуыз түзе алмайды.

Журналист-аналитик. Магистр социальных наук

Factcheck.kz