2023 жылдан бастап адамдардың миына чип салына ма?

Желтоқсанның басында әлеуметтік желілер мен түрлі интернет ресурстарда “2023 жылдан бастап адамдардың миына чип салынады” деген материалдар жарық көрді. Сайттардың жазуынша, чип арқылы смартфонды, компьютерді не басқа да техникаларды оймен басқаруға мүмкіндік береді. Кейбірінің дереккөздері түсініксіз, кейбірі рерайтпен шектелген. Осы орайда Factcheck.kz ақпараттың анық-қанығына тексеріп көрген еді.

2023 жылдан бастап адамдардың миына чип салынады.

Әлеуметтік желідегі ақпарат

Үкім: Манипуляция

Neuralink компаниясының 1 желтоқсандағы ашық презентациясында Илон Маск расымен де “адамдардың миына чип салу арқылы сынақ жүргізу” туралы сөз қозғаған. Алайда адамдарға клиникалық сынақ жасамас бұрын алдымен АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан (FDA) рұқсат алу керек. Масктың айтуынша, FDA-ге барлық құжаттарды өткізіп қойған, қазір тек мақұлдауын күтіп отыр. Егер бәрі дұрыс болса шамамен 6 айдан кейін тек сынақтар ғана басталады. (26:06-дан бастап қараңыз).

Тайм-код: 26:06

Neuralink қандай компания һәм немен айналысады?

Илон Маск және бір топ инженер 2016 жылы Neuralink компаниясы құрған. Компанияның басты мақсаттарының бірі – қозғалуында қиындықтары бар науқастар мен көру қабілеті нашар адамдарға көмектесетін миға арналған чиптерді әзірлеу. Компанияның штаб-пәтерлері Сан-Франциско мен Остин қалаларында орналасқан.

Масктың айтуынша, Neuralink құрылғысы көру қабілетін қалпына келтіруге және мүгедектігі бар адамдарға бұлшық ет қозғалысын қамтамасыз етуге тырысады. Осы уақытқа дейін компания жануарларға чип орнату арқылы сынақ жүргізген. Мысалы, бір жылдай уақыт бұрын маймылдың миына чип орнатып, оның компьютек ойынын ойнағанын көрсеткен. Сондай-ақ, қой мен шошқаға да сынақ жүргізген болатын.

Адамдарды “чиптейтіні” туралы бүгін ғана айтылып жатқан жоқ. Бұған дейін де біраз материал жазғанбыз. Әрине олардың ешқайсысы да шындыққа сай келмейді және адамдар арасында қорқыныш пен үрей тудыру мақсатынды жасалады.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz