Twitter фейк ақпаратпен күресуге көмектесе алатын жаңа қызметті сынақтан өткізді

Жаңатырлған туиттерде саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері жариялаған тексерілмеген және фейк ақпарат енді қызғылт сары түске боялады. Бұл жайлы NBC News хабарлайды.

Туиттер бұл жаңалықты растап, жаңа қызмет дезинформациямен күресуге бағытталғанын айтты. Алайда, әлі сыналып жатқан қызмет басқа пайдаланушылардың смартфонында қашан пайда болатынын ашып айтпады.

Біз жалған ақпаратпен күрестің бірнеше тәсілін зерттеп, Twitter-дегі жазбалар үшін көбірек ақпарат бергіміз келеді. Дезинформация күрделі мәселе, сондықтан оны шешудің түрлі жолын қарастырып жатырмыз

Желінің жаңа нұсқасында қоғам қайраткерлері жариялайтын ақпаратты алдымен журналистер мен фактчекерлер тексереді. Сонымен қатар «қауымдастық есебі» жаңа функциясына сәйкес ақпаратты басқа да туиттер қолданушылары тексере алады.

Twitter фейк ақпаратпен күресуге көмектесе алатын жаңа қызметті сынақтан өткізді

Егер де фактчекерлер жазбаны жалған ден таныса, жазбаның астына онымен бірдей қызғылт сары таңба қойылады.

Өткен айда Twitter “оқырманды жаңылыстыруы немесе зиян келтіруі мүмкін синтетикалық жазбаларға, оның ішінде дипфейктерге” тыйым салғанын хабарлаған еді.

Factcheck.kz