NYT журналистерінде 12 миллион америкалықтың геолокациясы көрсетілген файл бар

Смартфоны бар кез келген адамның қозғалыс картасын оңай жасауға болады. The New York Times журналистері смартфондардың көмегімен геолокацияны анықтап, тарихтағы ең үлкен деректер базасын талдады.

Деректер базасында 50 миллиардқа жуық геолокация нүктелері бар. Бұл нүктелер арқылы 12 миллион америкалықтың күнделікті бағыты жасалды. Редакция бұл мәліметтер базасын деректер жинаумен айналысатын кішігірім компаниядан алды.

Журналистер эксперимент жүргізіп, нүктелер арқылы Джонни Депп, Тайгер Вудстың үйінде кім қонақ болғанын, жоғары лауазымды офицерлердің бірі баласын қай бала бақшаға апаратынын және жексенбі күндері үйге қай уақытта келетінін анықтай алды.

Деректерді жинайтын және оларды әрдайым жинағысы келетін компаниялар өз ұстанымын үш тұжырыммен негіздейді:

  • адамдар деректерді жинауға өздері келіседі
  • жиналған деректер иесіздендірілген
  • олар қауіпсіздікте сақталады

Алайда бұл олай емес. Келесі төрт сурет компаниялар келісімді бұзатынын дәлелдейді:

NYT журналистерінде 12 миллион америкалықтың геолокациясы көрсетілген файл бар
Орталық саябақтағы 10 000 адамның геолокациясы
NYT журналистерінде 12 миллион америкалықтың геолокациясы көрсетілген файл бар
Басқалардан оқшауланған бір смартфон
NYT журналистерінде 12 миллион америкалықтың геолокациясы көрсетілген файл бар
оқшауланған смартфонның деректер қоры бойынша осыған дейінгі локациясы
NYT журналистерінде 12 миллион америкалықтың геолокациясы көрсетілген файл бар
локацияға сүйене отырып, бұл адамның белгілі бір уақыттағы бағытын қадағалауға болады

Деректерді кім жинайды?


Әдетте бұл танымал емес компаниялар. Google және Facebook-ке көбірек назар аударылғандықтан, басқа фирмалар жайлы біле бермейміз.

NYT журналистерінде 12 миллион америкалықтың геолокациясы көрсетілген файл бар
Google мен Facebook-тен басқа АҚШ-та деректерді жинаумен айналысатын компаниялар

Геодеректерді талдай отырып, адамның өміріндегі ұсақ-түйек заттарды немесе оның өміріндегі маңызды жағдайларды білуге болады. Мысалы қай психотерапевтке баратынын, қаладағы сүйікті орны, үйлену күні мен той өтетін орнын және т.б. жайлы ақпарат аласын.

Factcheck.kz