Mail.Ru Group YouTube-қа бәсекелес видеохостинг ұсынбақ

Келесі жылы Mail.Ru Group пайдаланушының жеке қалауы негізінде контентті іріктейтін видеохостинг жасауды жоспарлап отыр. RBC-ға берген сұхбатында компанияның жаңа өнімі YouTube-қа ұқсамайды дейді бас директор Борис Добродеев.

Компания директоры видеохостингтің қалай аталатынын ашып айтпады. Бірақ болашақта барлық медиа олармен өткізетін уақыт, time spent, үшін күресетінін атап өтті. “Біз өзімізге time spent арттыру, YouTube-ті қуып жету, әлеуметтік бағадан тыс тұтынылатын контент санын арттыру міндетін қоямыз”, – дейді Добродеев.

Mail.Ru Group ай сайынғы бүкіл ресейлік аудиторияның көлемі бойынша Google-дан артта қалуда.

Mediascope деректері бойынша қыркүйек айында Mail.Ru Group-тың өнімін 12 жастан асқан 86,7 млн адам, ал Google өнімдерін 88,5 млн ресейлік пайдаланған. Күнделікті бүкілресейлік аудиторияның көлемі бойынша Mail.Ru Group -57,3 млн, ал Google-да 52,5 млн.

Қазір компанияның ай сайынғы аудиториясы 5,8 млн “Кино Mail.ru” қызметі бар. Қызметті пайдаланушылар видео көріп, билет сатып алып, кино әлемі туралы жаңалықтарды оқи алады. Сонымен қатар “Кино Mail.ru” қызметінің жеке ұсынымдар жүйесі бар.

SimilarWeb сервисінің мәліметі бойынша, 2019 жылдың қараша айында интернет пайдаланушылар kino.mail.ru сайтына 15 млн рет кірді. Осы кезеңде интернет пайдаланушылар YouTube-қа 28,4 млрд рет кірген, оның 5,7%-ы Ресейлік пайдаланушылар.

Factcheck.kz