Грета Тунберг фейсбукке қатысты пікір білдірді

Экобелсенді Грета Тунберг өзінің фейсбук парақшасында компанияның ұстанатын саясатын сынға алды. Оның айтуынша компания желіде жарияланатын жазбалар үшін жауапкершілік алудан бас тартып отыр. Бұл жайлы Newshub хабарлайды.

Он алты жасар танымал экобелсенді жақында жариялаған жазбасында фейсбукті қолданудан бас тартуы мүмкін екенін айтты. Жас белсендінің айтуынша, мәселенің бәрі фактілерді тексермеу, ксенофобты мазмұнға ие жазбаларға рұқсат бергендіктен пайда болып отыр.

Грета Тунберг фейсбукке қатысты пікір білдірді

Мен де басқалар сияқты Facebook-ті ары қарай қолдану/қолданбау жайлы көп ойланамын. Көңілімде күдік ұялататын ғадауат тіліне рұқсат беру, ақпаратты тексермеу және демократияға араласу мәслелерімен қоса, басқа да проблемалар да бар. Мен туралы тұрақты жазылатын өтірік пен түрлі қастандық теориялары жеккөрушілікке, зорлық-зомбылыққа әкеледі. Тіпті өміріме қауіп төндіреді. Facebook мұны оңай тоқтата алады. Егер қаласа. Жауапкершіліктен бас тарту дұрыс емес. Алайда, талап етсек өзгерістер болады.

Өткен аптада Грета желі қолданушысы 13 жасар сіңлісіне қоқан-лоқы көрсеткенін айтты. Гретаны қолдамайтын желі қолданушылары оның сіңлісін қорқытқан.

Соңғы өзгерістерге байланысты фейсбук компаниясы соңғы кездері жиі сынға ұшырауда. АҚШ президентіне үміткер Элизабет Уорреннің айтуынша компанияның саясаткерлердің мәлімдемесін тексермеу саясаты дұрыс емес. Бірнеше күннен кейін компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг саяси жарнамаға неге тыйым салмайтынын түсіндірді.

Factcheck.kz