Цукерберг саяси жарнамаға неге тыйым салмайтынын түсіндірді

Марк Цукерберг Вашингтондағы Джорджтаун университетінің студенттерінің алдында сөйлеген сөзінде әлеуметтік желінің философиясы мен саяси жарнама жайлы айтты. Оның айтуынша фейсбук мүмкіндігінше “ашықтық” жолымен жүруі керек. Бұл жайлы Variety хабарлайды.

Соңғы жылдары компанияны платформасында жарнамалық жалған хабарламаларға, фейк жаңалықтар мен дезинформацияға жол береді деп айыптауда. Сонымен қатар, көпшілік әлеуметтік желі оңшыл партиялар мен саясаткерлерге басымдық береді деген пікірде.

Цукерберг фейсбуктегі саяси жарнамаға мүлдем тыйым салғысы келгенін мойындады. Алайда, саяси цензураға қарсы екенін айтты.

Сіздің өніміңізді миллиардтаған адам қолданған кезде, болмашы зұлымдықтың өзі әсер етеді . Сондықтан біз жалған ақпарат пен өтіріктің таралуын азайту үшін жұмыс істейміз.

Цукерберг фейсбуктегі соңғы өзгерістерге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша жеке компаниялар демократия орнаған елде саясаткерлерге немесе жаңалықтарға цензура орнатпауы тиіс. Мұндай жағдайда адамдардың көбі технокомпания 100% дұрыс деп санаған ақпаратты оқи алады. Цукерберг мұны дұрыс емес деп санайды.

Сонымен қатар, Цукерберг Қытай үкіметінің цензурасына тап болмау үшін, фейсбук ол елде жұмыс істемейтінін айтты. Оның сөзінше Қытай сөз бостандығына қауіп төндіреді, ал Facebook- еркіндік аумағы.

Бірнеше күн бұрын АҚШ президентіне үміткер Элизабет Уоррен фейсбуктегі соңғы өзгерістерге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша компанияның саясаткерлердің мәлімдемесін тексермеу саясаты дұрыс емес. Сол себепті Уоррен Марк Цукерберг жайлы жалған видео таратты.

Factcheck.kz