Элизабет Уоррен фейсбуктағы өзгерістерге қатысты пікір білдірді

АҚШ президентіне үміткер Элизабет Уоррен фейсбуктағы соңғы өзгерістерге қарсы шықты. Оның айтуынша компанияның саясаткерлердің мәлімдемесін тексермеу саясаты дұрыс емес. Бұл жайлы CNN хабарлады.

АҚШ Демократиялық партиясының сенаторы, президентке үміткер Элизабет Уоррен фейсбук платформасында Цукерберг жайлы өтірікке толы жарнама жариялады. Бұл арқылы Уоррен фейсбуктағы соңғы өзгерістерге қарсылығын білдірді.

Әлеуметтік желідегі жарнаманың тексерілмейтінін дәлелдеу үшін Уоррен кампаниясы Facebook-тің бас директоры Марк Цукерберг “Трамптың қайта сайлануын қолдайды” деген тақырыптағы жарнамаларға қаржы бөлді.

“Біз әдейі жалған ақпараты бар хабарландыру дайындап, Facebook-тің жарнама бөліміне жібердік. Платформа жарнаманы жылдам мақұлдады”, – деді Уоррен.

Уорреннің айтуынша платформа қомақты қаржы үшін желіде жалған ақпараты бар жарнама жариялауға дайын. Саясаткер Цукерберг жайлы жалған жарнама әлеуметтік желі пайдаланушылар арасында пікірталас тудырғанын айтты.

Facebook өкілі Энди Стоун Уорреннің экспериментіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша жарнама саясаткердің атынан берілген соң, модераторлар жазбаны жариялаған. Себебі, Уорреннің кез-келген жазбасы “саяси мәлімдеме” болғандықтан, соңғы өзгерістерге сай саясаткерлердің сөзі тексерісті қажет етпейді.

Factcheck.kz