Анджелина Джоли жасөспірімдерге фейк жаңалықтармен күресуді үйретеді

Анджелина Джоли Microsoft Education-мен бірлесіп жасөспірімдерге факт пен фейк жаңалықтардың ара-жігін ажыратуды үйретеді. «BBC My World» бағдарламасы жаңалықтарға негіз болған оқиғалар жайлы баяндайды деп хабарлайды Variety.

«Ата-ана ретінде балаларға әлемдегі басқа адамдардың өмірі жайлы айтып беретін бағдарламаны қолдаймын. Балалар әлемнің мыңдаған журналистерінен құралған BBC World Service желісіне сүйене отырып, олар үшін маңызды мәселелерді шешуге көмектесу үшін қажетті ақпарат пен құралдарды табады деп үміттенемін» дейді Джоли.

Бағдарлама Дүниежүзілік BBC қызметінің репортаждарына арналады. Джоли бағдарламаның атқарушы продюсері қызметін атқарады.

Жарты сағаттық бағдарлама ұйымның ең танымал BBC World News арнасында әр жексенбі сайын көрсетіледі. Сонымен қатар бағдарлама BBC-дің 42 мемлекеттегі қызметтеріне жіберіледі. Болашақта бағдарламаны YouTube және Ұлыбританиядағы iPlayer BBC арнасы арқылы көруге болады.

Продюсерлер бағдарламаны әлеуметтік желіні еркін қолданатын, алайда жаңалықтың қайсысы шын, ал қайсысы жалған екенін анықтай алмайтын жасөспірімдерге арналған құрал ретінде қарастыруда.

Бағдарламаны BBC Sport және “Blue Peter” балаларға арналған бағдарламаның жүргізушісі Радзи Чиньянгания мен “The Big Debate” бағдарламасының жүргізушісі Номия Икбал жүргізеді.

Әрбір трансляция оқыту сегментімен сүйемелденеді, ал сабақ жоспарлары Microsoft Education арқылы қолжетімді.

Factcheck.kz