Қазақстанның тәуелсіз ұйымдарды қудалауына АҚШ алаңдаушылық білдірді

Америка құрама штаттарының Қазақстандағы елшілігі елдегі тәуелсіз және құқық қорғаушы үкіметтік емес ұйымдарға жасалап жатқан қысымға қатысты алаңдаушылық білдірді, – деп хабарлайды Factcheck.kz тілшісі.

Қазақстан үкіметінің парламент сайлауы алдында құқық қорғаушы және азаматтық үкіметтік емес ұйымдарға салық шағымдарын түсіріп, жабамыз деп қорқытқаны жайлы хабарлар бізді алаңдатады. Тәуелсіз дауыстар – ашық қоғамның ажырамас бөлігі.

АҚШ елшілігінің twitter парақшасынан

Контекст

  • 30 қарашада тәуелсіз 7 ұйым Салық органдарынан қысым көріп жатқанын хабарлап, ортақ мәлімдеме жасаған болатын. Олардың ішінде Factcheck.kz құрылтайшысы “MediaNet Халықаралық журналистика орталығы” да бар. Ұйымдар қысымды қызметімен байланыстырады және оны ҰҚК-нің сайлау алдындағы қысымы деп бағалайды.
  • 4 желтоқсанда халықаралық бірнеше ұйым “Қазақстан құқық қорғау ұйымдарын қудалауды тоқтатуы тиіс” деген. Олар Нұр-Сұлтанның әріптестерін елдегі тәуелсіз ұйымдарды қудалағаны үшін ресми Нұр-Сұлтанға қысым жасауды сұраған.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz