Камерун мен Анголаның ортасындағы Қазақстан: Смайлов ЖІӨ-дегі еңбекақы үлесі туралы

26 қаңтарда өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Смайлов Ерлан ЖІӨ-дегі еңбекақы үлесіне байланысты бірнеше дерек келтірді. Factcheck.kz депутат мәлімдемелерін тексеріп көрді.

Тайм-код: 29:15:00

Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі жалақының үлесі 2021 жылдың 3-тоқсанының қорытындысына сай 31%-ті құрады. Соңғы бес жылда бұл көрсеткіш тұрақты түрде 30-31% деңгейінде болды. 1990 жылы бұл 46,3%-ті құрады.

Ерлан Смайлов

Үкім: Шындыққа жақын

Депутат бұл мәселені былтыр да көтерді. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сай, 2021 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша, ЖІӨ құрылымындағы еңбекақы үлесі 30,9%-ті құраған. 1990 жылы бұл мән 2013 жылғы бағам бойынша 22 171,3 млн рубльге бағаланды. Соңғы бес жылда көрсеткіштің расымен 30-31% аралығында болғанын төмендегі инфографикадан көреміз: 

Камерун мен Анголаның ортасындағы Қазақстан: Смайлов ЖІӨ-дегі еңбекақы үлесі туралы
*Әр жылдың үш тоқсанының қорытындысы

Қазақстандағы ЖІӨ-дегі жалақының үлесі шикізаттық бағыттағы елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Мысалы, 2020 жылы ЖІӨ-дегі жалақының үлесі: Ресейде – 46,2%, Канадада – 52,5% құрады, Норвегияда – 51,1%-ті құрады.

Ерлан Смайлов

Үкім: Шындыққа жақын

Ресей Федералды мемлекеттік статистика қызметінің дерегінше, 2020 жылдың 3-тоқсанында ЖІӨ-дегі еңбек ақы үлесі 46,1%-ті құрады. Бұл мән Қазақстаннан расымен көбірек (30,9%).

Канада мен Норвегиядағы 2020 жылғы ЖІӨ-дегі жалақы үлесі ашық деректерде көрсетілмеген. БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының 2017 жылғы дерегінше, Ресей (52%), Канада (61%) мен Норвегия (52,7%) ЖІӨ-дегі жалақы төлеу үлесі бойынша алғашқы елдер қатарында. Қазақстан көрсеткіші 41% деңгейінде тұр.

БҰҰ Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының түсіндіруінше, ЖІӨ еңбекақы үлесі – бұл ЖІӨ-дегі жұмысшылардың жалақысы мен жалпы өнім көлемінің байланысы. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) дерегінше, егер жалақының үлесі азаятын болса, бұл еңбек өнімділігі артып, ұлттық табыс құрылымындағы капиталға пайда үлесі еңбекпен салыстырғанда көбейгенін білдіреді.

USDA Экономикалық зерттеулер қызметі Euromonitor International дерекқорының жыл сайынғы үй шаруашылығындағы шығыстар деректеріне сүйеніп есептеген «Азық-түлік пен алкогольсіз сусын үлесі» бойынша біздің еліміз 48,7% немесе 2217 АҚШ долларымен Камерун мен Ангола арасындағы ең төменгі орында. Ресейде бұл көрсеткіш 28,5% немесе 1300 АҚШ долларын, Канадада – 10,6% (2294 АҚШ доллары), Чехияда – 16,6% (1630 АҚШ доллары), АҚШ-та 7,1% (2596 АҚШ доллары) құраған.

Ерлан Смайлов

Үкім: Шындық

АҚШ Ауыл шаруашылығы департаменті, Экономикалық зерттеулер қызметінің үй шаруашылығындағы шығыстар туралы зерттеуіне сай, расымен Қазақстан азық-түлік пен алкогольсіз сусынды тұтыну бойынша 48,7%, 2217 АҚШ долларымен 104-орында, яғни, Камерун мен Ангола арасында төменгі орындарда тұр. Депутат Ресей, Канада, Чехия және АҚШ туралы дерегінде де қателеспеді. 

Қазақстанда 2021 жылғы 3-тоқсанда тұтынушылық шығыстар құрылымында азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға үй шаруашылығының шығыстарының үлесі 56,6% және 2020 жылы 54% болды. Салыстырмалы түрде Ресей Федерациясында бұл үлес 2020 жылы 33,2% құрады.

Ерлан Смайлов

Үкім: Шындыққа жақын

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сай халықтың тұтыну шығыстарының құрылымындағы азық-түлік пен алкогольсіз сусын үлесі 2020 жылы 54,8%, 2021 жылы 52,8%-ті құраған. Ресей Федерациясында 2020 жылдың 3-тоқсанында ол 32,5%-ті құрады.

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) дерегінше, тұтыну шығындары — әр үй қожалығының тауарлар (күнделікті және ұзақ мерзімді) мен қызметтерге жұмсалған шығындарын қамтиды. Үй қожалығы шығыстарының құрылымын біле отырып, оның кіріс деңгейі туралы қорытынды жасауға болады. Оның өзгеруі әртүрлі факторлардың әсерінен болуы мүмкін: жалақының өзгеруі, баға деңгейі, отбасы құрамының өзгеруі, өмір салтының өзгеруі, т.б.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz