Депутат Наурыз Саулайбай білім саласындағы жемқорлық жайында не деді?

12 маусымда өткен мәжіліс отырысында депутат Наурыз Сайлаубай еліміздегі білім саласындағы жемқорлық мәселесін көтеріп, сауал жолдады. Депутаттың айтуынша, 2023 жылы 192 қылмыстық іс қозғалып, 13 млрд теңге жымқырылған. Сондай-ақ, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облысы мен Алматы қаласында жемқорлық фактісі көп тіркелген. Аталған деректерді Factcheck.kz тексеріп көрді.

Тайм-код: 3:08:00

Мәлімдеме: 2023 жылы осы жемқорлықтың кесірінен 192 қылмыстық іс қозғалып, 13 миллиард теңге жымқырылған.

Наурыз Сайлаубай, мәжіліс депутаты

Үкім: Шындық

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратына сай, 2023 жылы білім беру саласында барлы 192 қылмыстық іс тіркелген. Келтірілген шығын көлемі – 13 млрд теңгеден асты.

Ал жалпы Qamqor.gov.kz дерегінше, 2023 жылы елімізде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1692 қылмыстық іс тіркеліп, 51 млрд теңге шығын келтірілген.

2:12-ден бастап

Мәлімдеме: Ірі жымқырулар Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы қаласында орын алды.

Наурыз Сайлаубай, мәжіліс депутаты

Үкім: Шындық

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дерегіне сай, 2023 жылы білім саласы бойынша ең ірі жымқырулар Түркістан, Жетісу, Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында тіркелген.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz