Жер ядросының айналуының өзгеруі климатқа әсер ете ме?

Facebook қолданушысының бірі “Жер ядросының айналуының өзгеруі климаттың өзгеруіне әсер етті” деген ақпарат таратты. USА Today мәлімдемені тексеріп көрді.

Жазбада “Ішкі ядро Жердің сыртқы қабаты сияқты айналмайды, ол іс жүзінде тоқтады, кейін кері айнала бастады. Бұл қазіргі климаттың өзгеруін түсіндіреді”,-деп жазылған.

Алайда фактчекерлер ішкі ядроның айналуы мен климат арасында ешқандай байланыс жоқ деген қорытындыға келді. Басылымға бұл туралы Оңтүстік Калифорния университетінің геоғылым профессоры Джон Видейл мен Ратгерс университетінің экология профессоры Тони Брокколи айтқан.

“Климатпен байланысын көрсететін сенімді механизм жоқ. Керісінше, бұрыннан қалыптасқан физикалық механизм бар. Оған сәйкес, атмосферада парниктік газдың көбеюі ғаламшардағы жаһандық жылумен байланысты”,-деді Брокколи.

Басқа әлеуметтік желілерде де осыған ұқсас жазба жарияланған. Онда Nature Geoscience ғылыми журналының қаңтардағы «Жердің ішкі ядросының айналуының көпжылдық вариациясы” атты мақласына сілтеме көрсетілген.

Алайда зерттеу авторлары, Пекин университетінің профессорлары Сяодун Сун мен Янның сөзінше, жазбаны таратқандар олардың тұжырымдамасын контекстіден қиып алған. Олар электрон пошта арқылы ядроның жердің сыртқы процесіне әсер ететіне дәлел жоқ екенін хабарлаған.

“Зерттеу нәтижемізді дұрыс интерпретацияламаған”,-деді ғалымдар.

Сун мен Янның мәлімдеуінше, Жердің ішкі ядросы мен климат ұзақтығы бірдей циклден өтеді, бірақ екеуінің арасында қандай да бір қатысын дәлелдейтін дерек жоқ.

Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің мәліметінше, Жер табиғи климат циклдарынан өтеді. Алайда бұл “1950 жылдардан бері байқалған жылыну өзгерістерін түсіндірмейді“. Дегенмен ғалымдар ғаламдағы температураның жоғарылауы адам әрекетінен екенін айтады.

“Біз көріп отырған жылыну деңгейі CO2 қалдығының көбеюімен байланысты. Біз мұны болжаған едік”,-деп түсіндірді NASA-ның климатологы Джош Уиллис.

Қорытындыласақ, қазір Жер ядросының айналуы мен климат арасындағы байланысына қатысты ғылыми дәлелдер жоқ.

Factcheck.kz