Желіде тараған карта Жердің тегіс екенінің дәлелі ме?

Интернетте Жердің картасы тарады. Онда Жер тегіс болып бейнеленген және континенттер сақина тәрізді мұз қабырғалармен қоршалған. Кейбір адамдар “Бұл карта – Жердің домалақ емес екенінің дәлелі” деп топшылады. Reuters Fact Check көпшілік арасында тараған картаны тексерді.

Иллюстрацияда материктер, Үнді, Атлант, Тынық мұхитын қоршаған континенттер көрсетілген. Олар мұз қабырғалармен қоршалған. Ал олардың сыртында миф болып саналатын Атлантида және Асгард мекені орналасқан.

Желіде тараған карта Жердің тегіс екенінің дәлелі ме?

Facebook-тың бір қолданушысы суретті жариялап, былай жазды: “Менен “Мұз қабырғаның ар жағында не бар?” деп көп сұрады. Бірнеше таңдаулы ғана оның сыртында не бар екенін көрген соң, бұл сұраққа ешкім нақты жауап бере алмайды. Міне, мына сурет құпия дереккөздің ақпаратына сүйеніп жасалған”.

Бұл картаны бұрын X платформасына бір қолданушы жариялап: “Бұл өтірік. Мұз қабырғасының ар жағында басқа материктер бар. Біз орталықтамыз”, – деді.

Дегенмен бұл сурет алғаш 2020 жылғы ақпанда DeviantArt өнер қауымдастығы форумына жүктелген. Ол – “Мұз қабырғаның арғы жағындағы әлем” деп аталатын өнер туындылары сериясының бөлігі.

Парақша сипаттамасындағы мәлімет бойынша, карта ойдан шығарылған және “әлемдік құрылыстан” шабыттанған серияның бір бөлігі. Бұл термин ғылыми фантастика мен қиял-ғажайыптан туған дүниелерді жасау деген мағынаға ие.

Осылайша, бұл сурет өнер туындысы және ол Жердің тегіс екенін дәлелдемейді.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz