Жалған және Манипуляция | Үндістанда бәрі жақсы, көшеде ешкім өліп жатқан жоқ – Мумбайдан түсірілген видео

Жақында қазақстандық блогер Дани Капаров Instagram-парақшасына Үндістанның Мумбай қаласында ер адам түсірген видеоролик жариялады. Виедода ол былай дейді: «Үндістан көшелерінде қайтыс болып жатқан адамдар туралы естігініңіздің бәрі өтірік». Спикер елде «бәрі жақсы» екенін айтып, «өтірікшілерге сенбеуге» шақырады. Видео 2021 жылғы 20 мамырда түсірілген.

Factcheck.kz редакциясы оқырмандардың сұрауы бойынша бұл мәлімдемені тексерді.

Үкім: Манипуляция және Жалған

Манипуляциясы мынау: Үндістанда вирус жұқтырғандар шынымен де көшеде жаппай өліп жатқан жоқ. Дегемен бұқаралық ақпарат құралдары медицина көмегін алып үлгермеген адамдардың, соның ішінде далада және оттегі тарату пунктінде қайтыс болғандар туралы хабарлады. Сонымен қатар, дәрігерлердің айтуы бойынша, көптеген науқас күн сайын ауруханаларда немесе өз үйінде клиникаға жете алмағандықтан қайтыс болады. Крематориде орын болмағандықтан, өлгендердің денесі көшеде өртеліп жатыр.

Өтірігі мынау: Елдегі жағдай ауыр. Кейінгі аптада тәулігіне 4000-нан астам өлім тіркелді, ал Үндістанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 300 000-нан асты.

Our World In Data мәліметінше, 25 мамырдағы жағдай бойынша Үндістанда коронавирус инфекцияның 26 ​​миллионнан астам дерегі тіркелген. Қайтыс болғандар саны 307 мыңнан асады.

Жалған және Манипуляция | Үндістанда бәрі жақсы, көшеде ешкім өліп жатқан жоқ - Мумбайдан түсірілген видео

Сонымен қатар, өткен аптада Үндістанда COVID-19 инфекциясының жаңа 2,24 миллион дерегі тіркелді. 16-25 мамыр аралығында Үндістанда күніне төрт мыңнан астам өлім тіркелді. Бұл – бүкіл пандемия кезіндегі өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі.

Жалған және Манипуляция | Үндістанда бәрі жақсы, көшеде ешкім өліп жатқан жоқ - Мумбайдан түсірілген видео

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Дели, Мумбай және Колката сияқты елдің ірі қалаларда тіркелген.

Жалған және Манипуляция | Үндістанда бәрі жақсы, көшеде ешкім өліп жатқан жоқ - Мумбайдан түсірілген видео

Пациенттер көбінесе дәл көшеде өліп жатпайды. Дегенмен Reuters ақпарат агенттігі сәуір айында адам қаптап тұрған ауруха сыртында медицина көмегін алмаған күйі үндістандықтың қаза тапқаны туралы жазды. Оған қоса, дәл сол айда агенттік тілшісінің көз алдында сикх храмында таратылып жатқан оттегіні алуға келген екі тұрғын қайтыс болды. Пациенттер көбіне ауруханаларда қайтыс болатыны анық. Әлеуметтік желіде 2 апта бойы Үндістандағы адамдар толған ауруханалар немесе жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған науқастар туралы кадрлар тарады. Дәрігерлердің айтуынша, көптеген адам медицина оттегісінің жетіспеуінен өліп жатыр.

Эксперттер көптеген адам, әсіресе ауылды жерлерде, дәрігерлердің көмегін ала алмай, үйде емделетінін айтып өтті. Осыған байланысты ғалымдар нақты өлім саны мен ресми мәліметтер сәйкес емес екеніне сенімді. Өйткені ауылдар мен шағын қалалардағы COVID-19-дан қайтыс болғандар саны жалпы статистикаға енбейді.

Өкінішті жағдайдың дәлелін қалаларда көшеде адамдарды өртеп жатқан кадрлардан көруге болады. Ондай видеороликтер бүкіл әлемдегі БАҚ-та және әлеуметтік желіде таралды. Крематорий қызметкерлері арнайы жабдықталған бөлмелердегі өлімнің көп болуына байланысты орын жеткіліксіз екенін және денені далада өртеуге тура келетінін айтады.

Делиде осы қажеттіктер үшін автотұрақ қайта жабдықталды, ал Ришикеште мәйіттерді Ганг өзені жағасында өртеп жатыр. Қайтыс болғандардың көптігіне байланысты адамдар крематориде туыстарын жерлеу үшін кезекке тұруға мәжбүр екені айтылды.

Кейінгі апталарда жағдайды мукормикоз ауруы шиеленістірді.

Factcheck.kz