Жалған | Мағзұм Мырзағалиев: Экологиялық жағдайы нашар қалалардың тізімінде бірінші болып Теміртау тұр

Қазанның 30-ы күні Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев tengrinews.kz сайтына сұқбат берді. Сұқбат барысында министр төмендегі мәлімдемені жасаған еді.

Экологиялық жағдайы нашар қалалардың тізімінде бірінші болып Теміртау тұр.

Мағзұм Мырзағалиев, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 

Үкім: Жалған

«Қазгидромет» РМК аймақтың жағдайы туралы ақпараттық бюллетенінің 2019 жылдың қазан айындағы көрсеткіші министр мәлімдесімен сәйкес келмейді.

Атмосфералық ауаның ластану көрсеткіші бойынша Теміртаудың стандартты индексі – 6,8 балл, Ақтөбе – 9,2 баллмен екінші орында тұрса, Ақтау – 21,5 баллмен көш бастап тұр.

Сонымен қатар Қазақстан елді-мекендерінің ластану деңгейі (ең жоғарғы қайталанғыштық) тізімінде Теміртау 24 пайызбен 4-орында тұр. Бұл сандық көрсеткіш де Теміртаудың, министр айтқандай көш басында тұрғанын көрсетпейді.

Атмосфералық ауаның ластануы бойынша еліміздегі қалалар төмендегідей деңгейлермен бағаланған:

Жалған | Мағзұм Мырзағалиев: Экологиялық жағдайы нашар қалалардың тізімінде бірінші болып Теміртау тұр

Министр қыркүйек айындағы деректерге қарап айтты дегеннің өзінде Теміртау (СИ – 16,8) тек алғашқы үштікке кіреді. Бұл айда да бірінші орында Ақтау (Си – 18) қаласы тұр.

Контекст

Үстіміздегі жылдың алғашқы 3 тоқсанында да Теміртау қаласы бірінші орында емес:

І тоқсан – Қарағанды (СИ – 19,8), Нұр-Сұлтан (СИ – 19,7), Ақтөбе (СИ – 12).
ІІ тоқсан – Ақтөбе (СИ – 20) , Атырау (СИ – 14), Теміртау (СИ – 12).
ІІІ тоқсан – Ақтау (СИ – 22,3), Теміртау (СИ – 16,8), Ақтөбе (СИ – 9,8).

Ал бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіштер бойынша алғашқы орында Ақтөбе (СИ – 20), одан кейін Қарағанды (СИ – 19,8), үшінші болып Нұр-Сұлтан (СИ – 19,7) қаласы тұр. Мұнда да Теміртауды байқамадық.

Оқуға кеңес береміз:

Жалған | Алтай Көлгінов: Орал ең экологиялық таза қала

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz