Хакерлер ФБР-дың электрондық поштасынан жалған хабарламалар таратты

Хакерлер АҚШ Федералды тергеу бюросының сыртқы электрондық пошта жүйесін бұзды. Олар ФБР поштасы атынан кибершабуыл болатыны жайлы ондаған мың жалған хабарлама жіберген. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Spamhaus Project мәліметінше, хакерлер ФБР электрондық пошта жүйесіне қол жеткізген. Олар Нью-Йоркте сенбіге қараған түні, кем дегенде 100 мың аккаунтқа спам жіберген.

Spamhaus дерегінше, зиянды бағдарламалар электрондық пошталарда тіркелмеген.

Бұл жағдайға түсініктеме берген Остин Бергластың сөзінше, хакерлер құпия жүйені бұзбаған. Оның айтуынша, бұзылған жүйе жасырын емес ақпаратты бөлісіп, жіберу үшін ғана қолданылады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz