Хакерлер АҚШ-тың Ресейге санкциясы туралы ақпаратқа қол жеткізді

Solar Winds IT-компаниясына хакерлер шабуыл жасады. Олар АҚШ-тың Ресейге санкция салу саясаты және пандемиямен қалай күресетіні жайлы ақпаратқа қол жеткізді. Бұл туралы Reuters агенттігіне анонимді дереккөз хабарлады.

Сонымен қатар, хакерлер АҚШ-тың Ресейге қатысты барлау қызметінің ақпаратына қол жеткізген. Әзірше, Ақ үй мен АҚШ Әділет министрлігі Reuters агенттігінің сұрауына жауап бермеді.

Америкалық шенеуніктердің айтуынша, бұған APT29 хакер тобы немесе Ресейдің сыртқы барлау қызметіне жұмыс істейтін Cozy Bear тобының қатысы бар.

Ал Ресей хакерлердің шабуылына қатысы жоқ екенін хабарлады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz