Twitter ақылы болуы мүмкін

Twitter желісі коммерциялық және мемлекеттік қолданушыларға ақылы болуы мүмкін. Бұл туралы компанияның жаңа иесі Илон Маск Twitter парақшасында жазды.

Масктың сөзінше, Twitter қарапайым қолданушыларға әрдайым тегін болады. Ал коммерциялық және мемлекеттік қолданушыларға ақылы болуы мүмкін.

Контекст

  • 25 сәуірде Илон Маск Twitter желісін 44 миллиард долларға сатып алған.
  • Ал бұған дейін Маск Twitter-дің 9,2% акциясын сатып алғаны, кейін осы тұста компания акциясы 26%-ке қымбаттағаны белгілі болды.
  • Сонымен қатар, Маск компанияны сатып алмас бұрын, Twitter-де “сөз бостандығы шектелетінін” айтып сынаған.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz