Туиттерде Украина ҚК бас қолбасшысының фейк аккаунты пайда болды

Tуиттерде Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужныйдың фейк аккаунты пайда болды. Бұл туралы Қарулы күштердің бас штабы хабарлады.

Назар аударыңыз! Фейк! Twitter желісіндегі Valerii Zaluzhnyi аккаунты — фейк. Бұл желіде Қарулы күштердің бас қолбасшысының ресми парақшасы жоқ.

Ресми хабарламадан.

Биыл 16 наурызда жалған профильдегі алғашқы жазба пайда болды. Қазіргі уақытта профильде 175 твит жарияланған.

Контекст

  • Жақында Алматы әкімінің баспасөз қызметі жаңа әкім Ерболат Досаевтың атынан әлеуметтік желіде фейк аккаунттардың ашылғанын және оның қала әкіміне қатысы жоқ екенін хабарлады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz