Трамптың сайлауалды сыйлығы

Қытай үшін АҚШ президенті Дональд Трамп тəңірдің берген сыйы сияқты. Трамптың COVID-19 пандемиясына қарсы «катастрофалық» əрекеті осы жылдың қаңтарында вирус алғаш пайда болған уақытта дұрыс жұмыс жүргізе алмаған Қытай үкіметін нəтижелі басқару жүйесінің үлгісіне айналдырды. Бұған қоса Трамптың “Ең əуелі – Америка” сыртқы саясаты елді дəстүрлі одақтастарынан алшақтатып, Қытайға қарсы тұратын кең коалиция құруға кедергі келтірді.

Әлбетте, Трамп Қытай президентіне ауыр соққы жасағаны рас. Оның сауда және технология соғысы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда байланысын жойды; ал АҚШ әкімшілігінің Тайваньға қолдау көрсетуі Қытай басшыларының ашуына тиді. Бірақ Америка азаматтарының 3-қарашада өтетін сайлау алды дайындығына қарасақ, Трамптың Си Цзиньпинге тарту ететін тағы бір сыйы бар сияқты, ол – сайлауда жеңіліс табу. 

Өз президенттігі туралы референдум алдында Трамп бірнеше рет оның нәтижесін қабылдаудан бас тартты. Ол өзінің президенттік мінберін пайдаланып пошта арқылы дауыс беруді заңсыздандыруға тырысты. Сондай-ақ, Дональд Трамп қазіргі таңда республикалықтар мен демократтар үлесі 6-3 ие АҚШ Жоғарғы сотына 26 қазанда өзі ұсынған соңғы үміткері Эми Кони Барретті Сенат ресми түрде бекіткеннен кейін екінші мәрте президенттік мерзімның тағайындалуы мүмкін екенін білдірді.

Қоғамдық пікірге шолу жасаған жалпыұлттық сауалнама қорытындысы бойынша, демократтар кандидаты, бұрынғы вице-президент Джо Байден таза жеңіске жетеді. Бірақ президенттік тартыс одан әрі күрделене түспек; Трамп жалпыхалықтық дауыс беруде Байденді басып озған күннің өзінде Сайлаушылар коллегиясындағы жеңімпазды анықтайтын нәтиже негізінде сайлау түні ұйымдастырылуы мүмкін. Егер мұндай жағдай орын алса, Ақ Үйдегі қызметін жалғастыру үшін Трамп пен Республикашыл партияға қолдағы билік тетіктерінің барлығын қолданып қалуға жақсы мүмкіндік туады.

Ұзақ уақытқа созылатын сайлаудан кейінгі тартыс сценарийлері әр түрлі болғанымен, олардың қай-қайсысы да Америка демократиясына зарарын тигізбей қоймайды. Және бұл Қытай коммунистік партиясын «қуанышқа бөлейтіні» сөзсіз. 

Идеологиялық тұрғыда қатаң саяси қақтығыстар мен шексіз сот істерін жүргізетін АҚШ сайлауындағы сәтсіздік Қытай коммунистік партиясына пропоганда қазынасына айналар еді. Қытай көшбасшылары Америкадағы саяси бассыздықты мемлекеттің біржолата күйреуінің белгісі ретінде көрсетуі мүмкін. Пандемия кезінде Трамптың басқарма жұмысының біліксіз болуынан Америка қазірдің өзінде бүкіл әлемнің аяушылық объектісіне айналды. Егер Трамп АҚШ сайлаушыларының еркіне қарсы  өзінің қоқан-лоққы әрекеттерін жүзеге асырса, онда диктатура жағдайында өмір сүретін адамдарды, соның ішінде Қытай азаматтарын америкалық демократияға үндеу сап тыйылады. Қарашаның 3-і сақадай сай қаруланған әскери топ АҚШ-тағы сайлаушыларды жаппай қорқытып, адам өліміне алып келетін қақтығыстар орын алып жатса, Қытай БАҚ өкілдері мұндай жан түршігерлік жаңалықты әр қытайлық отбасына қуана-қуана  жеткізіп отыратын болады. 

Трамп даулы сайлауда жеңіске жетсе, Қытай тағы бір үлкен пайдаға кенелуі мүмкін; АҚШ-тағы президенттік сайлауды басқаратын архаикалық және күрделі ережелер мен Жоғарғы Соттың шешуші рөлін ескерсек, сайлаудың соңы Трамптың жеңісімен аяқталуы әбден мүмкін.

Трамп әкімшілігі екінші мәрте қайта билікке келсе, Қытайға қатысты әскери және технологиялық құйтырқы әрекеттер күшейе түседі; дегенмен  Трамптың қайта президенттік қызметке кірісуі Си Цзинпинь режиміне керісінше жақсы әсер етеді. Әуелі, жалпыхалықтық сайлауда Трамп жеңіліс тапса, АҚШ азаматтарының көпшілігі оны заңсыз президент деп танитын болады. Ең сорақысы – Дональд Трамп сайлаушыларды жаппай басып тастап; Пенсильвания, Висконсин және Флорида сияқты қақтығыс болып жатқан штаттарда республикашылдар басқаратын заң органдары тарапынан күмәнді саяси әрекеттер жасалып, сондай-ақ, Трамп тағайындаған партизандық  сот шешімі мен атқарушы билікті ашық өз пайдасына қолдану арқылы екінші рет президент боп сайланса, Америкада саяси азаматтық соғыс басталып кетеді. Соңғы мысалдардың бірі ретінде атап өтсек: New York Post-тың жуырда жариялаған Хантер Байденнің іскерлік қарым-қатынасына қатысты дәлелсіз айыптауларға толы материалынан кейін Трамп Әділет министрлігін Байденді де, оның ұлы Хантерді де тергеуге шақырды.

Демократтар да, республикашылдар да АҚШ үшін ең қауіпті күш Қытай деп  санайды. Ал шын мәнісінде, саяси азаматтық соғыс пен сайлаушылардың тең жартысы заңсыз деп танитын атқарушы билік өкілдерінен тұратын АҚШ Қытайға қарсы қалайша жаңадан соғыс ашпақ деген сұраққа жауап табу керек. Партизандық поляризацияның одан әрі күшеюі Американың денсаулық сақтау, білім, ғылыми зерттеу, таза энеригия мен инфрақұрылымға инвестиция құю есебінен қайта қалпына келуіне мүмкіндік бермейді. Ал аталған дүниенің барлығы Қытаймен тең бәсекелесуге өте қажет.

Халықаралық деңгейде Трамп әкімшілігінің  демократиялық емес құралдар арқылы қайта сайлануы АҚШ пен оның дәстүрлі либералды-демократиялық одақтастарының арасын алшақтата бермек. Трамптың “Ең әуелі – Америка” сыртқы саясаты АҚШ-тың Қытайға қарсы коалиция құруын қиындата түседі. Трамптың екінші рет президент атануы америкалық демократияның эрозияға ұшырауын жеделдетсе, АҚШ дипломаттары Батыс көшбасшыларын Қытайдың автократиялық беделіне қарсы идеологиялық крест жорығында Америка автократтарының жағына шығуға көндіре алмай қалуы мүмкін.

Сайлауда Байденнің жеңіске жетуі Қытай басшыларына ұтымды болмақ, әрине. Бұл жағдайда Қытай Батыс елдерімен бетпе-бет келсе де, Байден әкімшілігі  климат өзгерісі мен жаһандық денсаулық сақтау саласында бірлесіп жұмыс істеуге ашық болар еді. Бірақ ел ішіндегі саяси заңсыздық дағдарысына байланып, шетелдегі одақтастарынан сырт қалған Американың келешегі Қытай коммунистік партиясы үшін ең тартымды мәселе болып қала бермек. 

Трамптың сайлауалды сыйлығы

Минсин Пей

Клэрмонт МакКенна колледжінің профессоры, АҚШ Герман Маршалл неміс қорының бейрезидент Бас ғылыми қызметкері

Copyright: Project Syndicate, 2020.
www.project-syndicate.org

Factcheck.kz сайтының мультимедиалық редакторы. SMM маман. 2018 жылы Нью-Йоркатағы CNN каналынан тәжірибеден өткен.

Factcheck.kz