Тихановская Беларусьте ұсталған Протасевичтің азапталғанын мәлімдеді

Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская Таллинде (Эстония) өткен баспасөз конференциясында Минскіде ұсталған блогер Роман Протасевичтің дене жарақатын алып, азапталғанын айтты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Адвокат оппозициялық блогер Роман Протасевич пен оның құрбысы София Сапегамен кездескен. Адвокаттың айтуынша, Протасевичтің ешқандай шағымы жоқ. Ол бұл жайттың күмәнді екенін айтып, «соққыға жығылғаны анық» деп болжады.

31 мамырда Таллинде Светлана Тихановская Эстония президенті Керсти Кальюлайдпен және Эстонияның жоғары дәрежелі шенеуніктермен кездесті. Саясаткерлер Еуроодақтың Беларуське қарсы 4-ші және 5-ші санкциясы туралы және Эстонияның Беларусь халқына қалай көмек беретіні жайлы талқылаған.

Контекст

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz