NEXTA жайлы 10 дерек

23 мамырда «Беларусь головного мозга» авторы және NEXTA телеграм арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич Минск әуежайында ұсталды. Оппозициялық блогер «Афина- Вильнюс» бағытындағы Ryanair ұшағының бортында болған.

Ұшақтың Минск әуежайына шұғыл түрде қонуын Беларусь ресми — «бортта жарылғыш заттың болуына байланысты» деген. Алайда қонған соң, жарылғыш зат табылмады. Factcheck.kz NEXTA жайлы 10 дерек ұсынады.

NEXTA жайлы 10 дерек

  1. 2015 жылы Беларусьтегі мектеп оқушысы Степан Путило NEXTA жобасының негізін қалады. Бес жыл ішінде Беларусьтегі митиң туралы хабар тарататын танымал ресурсқа айналды. Бастапқыда қоғамдағы проблемалар мен өлең арқылы саяси мәселелер көтерілген.
  2. 2018 жылдың ақпанында Беларусь билігі 19 жастағы Степан Путилоға белгісіз азаматтың шағымынан кейін “президентті қорлау” бойынша қылмыстық іс қозғауға тырысты. Белгісіз азамат Лукашенкоға қатысты қорлайтын мәлімдемелерге шағымданған. Атап айтқанда, YouTube желісінде жарияланған видеода президент Лукашенконы “Лукашерлок” деп атағаны ұнамаған. Степан Путило ол кезде Польшада оқуда болған. Кейін Беларусь билігі бұл істің тоқтағанын хабарлады.
  3. NEXTA атауы «не́хта» деп айтылады. Жоба атауында ойын сөзі қолданылған — next буыны (ағылш. – келесі). Степан Путило жоба атын өзі секілді ойлайтын адамдардың жасырын бейнесі деп түсіндірген.
  4. 2021 жылдың мамыр айындағы есеп бойынша, YouTube арнасында 638 мың, ал Telegram арналарында шамамен 1,8 млн оқырман бар.
  5. NEXTA — Беларусьтегі оқырманы ең көп телеграм арна. Редакция жарнама арқылы табыс табады.
  6. 2020 жылы қыркүйекте Степан Путило «вДудь» арнасына NEXTA және Беларусь билігі жайлы сұхбат берді. Қазіргі уақытта шамамен 9 млн рет қаралған.
  7. 2020 жылы тамызда Nexta Telegram арнасы 1 млрд 48 млн 649 мың 183 қаралым жинады.
  8. NEXTA және NEXTA Live телеграм арналары Беларусьтегі наразылық акциялар туралы ақпараттың негізгі көзі болды. Мұнда эксклюзив пен инсайдтар жарияланды. Әлемдегі танымал медиалар Беларусьтегі митиң туралы фото мен видеоны осы каналдан жиі пайдаланды.
  9. 2019 жылы қазанда NEXTA арнасында «Лукашенко. Уголовные материалы» деректі фильмі жарияланды. Қазіргі уақытта шамамен 3 млн 400 мың қаралым жинады. Кейін деректі фильмді түсіруге көмектескен журналист Владимир Чуденцовты қылмыстық кодекстің 343-бабының 2-бөлігі (кәмелетке толмағандарға порнографиялық материалдарды тарату), 328-бабының 1-бөлігі (есірткі сақтау) және 328-бабының 1-бөлігі 14-бабы 1-бөлігі (есірткіні шекара арқылы заңсыз тасымалдау) бойынша “кінәлі” деп таныды.
  10. Беларусь билігі NEXTAны экстремистік медиа деп санайды. Билік Протасевичке халықаралық іздеу жариялап, оны “террористер тізіміне” қосқан. Ол бірнеше жыл бұрын қауіпсіздігі үшін Беларусьтен кетіп қалған.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz