Макрон ЕО атынан Протасевич пен Сапегиді босатуды талап етті

Еуроодақ Минск әуежайында ұсталған оппозициялық блогер Роман Протасевич пен Софьи Сапегиді босатуды талап етті. Бұл туралы bbc.com хабарлады.

Франция президенті Минскідегі Ryanair ұшағымен болған жайтты «кешірілмейтін әрекет» деп атады. Бұған қоса, Макрон Еуроодақтың Беларуське қатысты бірқатар шара қабылдағанын айтты.

Әріптесінің мәлімдемесін Германияның СІМ Хайко Маас та қуаттады:

«Лукашенконың бұл әрекеті жолаушылар лайнерінде болған 170 адамның өміріне қауіп төндірді. Беларусь билігінің Протасевичті тұтқынға алуы — әуе қауіпсіздігіне, баспасөз бостандығы және борттағы Еуроодақ азаматтарының құқығын шектеді».

Хайко Маас

Контекст

  • 23 мамырда «Беларусь головного мозга» авторы және NEXTA телеграм арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич Минск әуежайында ұсталды. Беларусь билігін өткір сынап жүрген оппозициялық блогер «Афина- Вильнюс» бағытындағы Ryanair ұшағының бортында болған.
  • Ұшақтың Минск әуежайына шұғыл түрде қонуын Беларусь ресми — «бортта жарылғыш заттың болуына байланысты» деген. Алайда қонған соң, жарылғыш зат табылмады.
  • Бұл жағдайдан кейін Еуроодақ жетекшілері Беларуське санкция салуға келісті. Атап айтқанда, Беларусь авиациясына Еуроодақтың (одаққа мүше 27 мемлекеттің) әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салынады. Еуроодақ кеңесі ресми мәлімдемесінде барлық авиатасымалдаушыларды Беларусь аумағынан ұшпауға шақырған.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz