Шолу | Харассмент айналасындағы әлемдегі позитив жаңалықтар

Қазақстандағы заңдарда жыныстық бопсаға қатысты нақты бір түсінік не анықтама жоқ. Конституцияда, «‎Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы»‎ заңда, Еңбек кодексінде АҚШ, Еуроодақ, Аустралия секілді елдердегідей жыныстық бопсаның нақты анықтамасы мен мұны кемсіту деп танитын түсінік жоқ. Ал басқа елдерде сексуал харассментке қатысты оң өзгерістер болып жатыр. Назарларыңызға әлемде кейінгі кезде харассментке қатысты болған жақсы жаңалықтар топтамасын ұсынамыз.

Байден әскердегі сексауал харассментті құқық бұзушылық деп танитын Жарлыққа қол қойды

АҚШ президенті Байден әскери Әділет кодексіне сәйкес, әскерде жыныстық бопсаны қылмыстық құқық бұзушылық деп тану және әскери адамның тұрмыстық зорлық-зомбылық пен интимдік визуалды бейнелерді таратуға қарсы реакциясын күшейту туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұйрық 2022 жылғы ұлттық қорғанысқа рұқсат етілген Заңға енгізілген әскери Әділет саласындағы түбегейлі реформалардан тұратын өзгерістің артынан қабылданды, ол кодекске сәйкес әртүрлі қылмыстық жауапкершілік алғаш рет қарастырылған.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки журналистерге: «Байден-Харрис әкімшілігі Конгреске әскери әділет жүйесінде түбегейлі реформалар жүргізуге екі жақты қолдауы үшін алғыс айтад… Біз сондай-ақ әскери қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі мен қадір-қасиетін сақтау мақсатында Конгресспен ынтымақтастық жалғасын асыға күтеміз»,-деген.

Университеттердегі өзгеріс

Ұлыбритания университеттері харассменттен зардап шеккендердің аузын жабуға мәжбүрлеуді доғармақшы. Кейбір Британдық университте харассментті басынан өткізгендерді бұдан былай «аузын жабу» туралы тармақтарды қолданып, харассмент туралы айтқызбауды тоқтатуға сөз беріп отыр.

BBC News-тің 2020 жылғы зерттеуі бойынша, университеттердің үштен бірі зардап шеккен студенттерді жыныстық құқық бұзушылық, қорлау және харассментке қатысты «үнін өшіру» үшін ақпаратты жарияламау туралы келісімді пайдаланған.

Енді Ұлыбритания Үкіметі 150-ден астам университеттен мұндай жарияламау туралы келісімдерді пайдаланбауды сұрап отыр.

Қытай әйел құқы мен харассментке қатысты заңдарды күшейтуді қарастырып жатыр

Қытай жұмыс орнындағы гендерлік алалау мен жыныстық бопсадан қорғауды қамтамасыз ету үшін өзінің әйелдер құқығы туралы заңнамасын күшейтуді қарастырып жатыр.

Қытайдың жоғарғы заң шығарушы органы әйелдерге жұмыс орнындағы жыныстық алалау мен жыныстық бопсадан қорғауды қамтамасыз ету туралы заңды талқылаған. Жаңа ережелерге сәйкес, жұмыс берушілер жұмыс іздеушілерден некеге тұру немесе жүкті болу туралы сұрауға, сондай-ақ оларды жүктілік сынақтарынан өтуге мәжбүрлеуге тыйым салынады.

Қытайдың заңды түзеу жобасындағы харассменттің анықтамасында әйелдерді еркінен тыс жыныстық қатынас, орынсыз немесе қажетсіз бейвербал мінез-құлық, жыныстық сипаттағы бейнелер немесе жыныстық қатынас не секс үшін қандай да бір артықшылық ұсыну заңсыз деп саналады.

Microsoft жыныстық бопсаға қатысты саясатын тәуелсіз заңгерлердің зерттеуіне бермекші

Microsoft директорлар кеңесі Arent Fox заң фирмасын компаниядағы заң бұзушылықтар туралы бірнеше жылға созылған шағымдардан кейін жыныстық бопса мен алалауға қатысты компанияның саясатын қайта қарау үшін жалдамақшы. Arent Fox заңгерлік фирмасының тексеруінде «компанияның жұмыс орнындағы жыныстық қысым көрсету және гендерлік дискриминация, оқыту және онымен байланысты басқа да саясатының тиімділігін бағалайтын» ашықтық туралы есеп болады деп жоспарланып отыр.

Мичиган университетінің президенті жұмыстан кетті

Мичиган университеті президент Марк Шлиссельді аноним шағымнан кейін жұмыстан шығарды, бұл оның «университет қызметкерімен орынсыз қарым-қатынасқа түсуі мүмкін» деген ақпаратқа байланысты қабылданған шешім.

2021 жылы желтоқсанда түскен шағымнан соң жүргізілген зерттеу Шлиссельдің бірнеше жыл бойы университеттің электрондық пошта тіркелгісін «қоластындағы қызметкермен университеттің абыройы мен беделіне сәйкес келмейтін қарым-қатынасқа түсу үшін қолданғаны» айтылады.

Ақпарат MediaNet Халықаралық журналистика орталығының «Әйелдер мен қыздарды жыныстық бопсалауға жол бермейтін және төзбейтін қоғамдық сана қалыптастыру» жобасы аясында дайындалды. Жобаны қолдаған — CFLI (Canada Fund for Local Initiatives).

Думан Терликбаев
Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы. Қазақ-Америка университетінде журналистика мамандығын оқыған. Республикалық "Жас Алаш" газетінде журналист-фрилансер қызметін атқарған.