Путин Нигерияны ядролық қарумен қорқытты ма?

Әлеуметтік желіде Владимир Путиннің “Нигерияны Ресей-Украина соғысына араласпауды ескерткен” видеосы тарады. AFP журналистері ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

TikTok желісіндегі видео мәтіні орыс тіліне басқаша аударылған. Путин Африка елдеріне «өз ісімен айналысуға және өзге елдің соғысына араласпауға» ескерткен-міс.

Бұған қоса, видео аудармасында «Ресей мен Украина туралы туиттерде жазғанша, өз жеріңіздің мәселесін шешпейсіз бе?» делінген.

Сонымен бірге, видео жазбасына сәйкес Путин: «Егер Африка елдерінің кез келген басшысы Ресей туралы жазатын болса, мен сол елге ойланбастан ядролық соққы жасаймын. Бүгін Нигериядан бастаймын» деген-міс.

Путин Нигерияны ядролық қарумен қорқытты ма?
Видеоның скриншоты.

Екінші видеода тағы да Ресей президентінің басқа сөзінен үзінді көрсетілген. Путин Нигерияны дайындықтан өтпеген әскерді Украинаға жібермеуді сұраған-мыс.

Путин Нигерияны ядролық қарумен қорқытты ма?
Видеоның скриншоты

AFP фактчекерлері желіде тараған видеоның тұпнұсқасы биыл 25 ақпанда жарияланғанын және Путин басқа мәлімдеме жасағанын анықтады. Түпұсқада Путин Украина үкіметінің өкілдерін “нашақор және неонацистер” екенін айтқан.

Ал екінші видео ресейлік НТВ арнасының YouTube каналына 2020 жылы жүктелген. Мұнда Путин карантин шаралары туралы мәлімдеген.

Контекст

Бұған дейін Пәкістанда Путин ел премьер-министрі Имран Ханды мақтағаны жайлы фейк тараған. AFP фактчекерлері бұл ақпаратты терістеді.

Сонымен қатар, Ресей Украинаға соғыс жариялағалы әлеуметтік желі мен мессенджерлерде Владимир Путиннің видеосы тарады. Путин видеода “Беларусьте өткен Украина-Ресей келіссөзінің нәтижесін” мәлімдейді. Дегенмен, видеода монтаж бен дипфейк-технология қолданылған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz