Желіде Владимир Путиннің дипфейк видеосы тарады

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде Владимир Путиннің видеосы тарады. Онда ол Беларусьте өткен Украина-Ресей келіссөзінің нәтижесін мәлімдейді. Дегенмен, видеода монтаж бен дипфейк-технология қолданылған. Бұл туралы Telegraf.by хабарлады.

Желіде Владимир Путиннің дипфейк видеосы тарады

Украинамен келіссөз нәтижесі Ресей үшін өте сәтті аяқталды. Қысқасы, біз Украинамен бейбітшілікке қол жеткіздік. Оның әлем мойындаған шекарасын, Донецк және Луган облыстарын біз де мойындадық. Украинадағы инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін ЕО және АҚШ-пен бірге үлкен қор құрамыз. Оған қоса, біз Қырымды Украинаның құрамына кіретін мемлекет ретінде тәуелсіздігін қайта құру үшін бесжылдық “жол картасына” қол қойдық.

Видеода Ресей президентінің атынан осындай хабар айтылады

Видеоны тексеру барысында Deepware сканеріндегі бес жасанды интеллектінің төртеуі дипфейк-технология қолданылғанын тапты.

Желіде Владимир Путиннің дипфейк видеосы тарады

Видеоның кейбір жерінде дауыс бет-әлпет артикуляциясымен сай келмегендіктен, видеоға дауыс қойылғаны бірден көрінеді. Екінші жағынан, аудио дипфейк ретінде сапалы жасалған.

Контекст 

Былтыр Голливуд жұлдызы Том Круздың өте шынайы жасалған дипфейк-видеосы үлкен танымалдылққа ие болды. Видео TikTok желісінде @deeptomcruise парақшасында жарияланған. Жұлдыз дипфейк-видеода гольф ойнап, фокус көрсетіп, Михаил Горбачёв туралы анекдоттар айтқан.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz