Поп-ит, симпл-димпл | Ойыншықтар балаға зиян ба?

Соңғы кезде поп-ит, симпл-димпл ойыншықтарының сатылымы өсіп, ел арасында кең тарала бастады. Сонымен қатар, ойыншық айналасында алып-қашпа әңгіме де бар. Мысалы, КТК телеарнасы психологтың пікірі арқылы ойыншықтардың балаға қауіпі туралы ақпарат таратты. Factcheck.kz сайты ойыншықтардың сапасы тұрғысынан емес, психологиялық ықпалы жағынан мәселенің ақ-қарасын ажыратып көрді.

Сарапашылардың айтуынша, “шар жаруға деген әуестік” қайғылы аяқталуы мүмкін.

КТК телеарнасы

Үкім: Манипуляция

Осы секілді ойыншықтар туралы айтқанда оның өзіне емес, бұл «‎құралдар»‎ тобына мән беруіміз керек. Поп-ит, симпл-димпал, спиннер және т.б. ағылшын тілінде fidget toys деп аталады. Олар көбіне гипербелсенділік пен зейін белгісінің жетіспеушілігінен (ГЗБЖ) зардап шегетін балаларға әлденеге зейін салуына көмектесу үшін ұсынылады.

Fidget-тердің зияны туралы зерттеулердің тапшылығынан бұған манипуляция деген үкім қойдық. Бала психологиясы өте нәзік екенін ескерсек, назарға алу керек жағдай көп, ал сарапшылар пікірі әр түрлі. Толығырақ төменнен оқыңыз.

ГЗБЖ белгілері байқалатын балалар үшін когнитивті жұмыс кезінде физикалық белсенділік олардың әлденеге зейін қоюына, есіне түсіруіне, тапсырмаларды шешуіне көмектесуі мүмкін екенін болжайтын кішігірім зерттеулер бар.

California университетінің сарапшыларының айтуынша, fidget-тер бізге таңсық емес: поп-итті, симпл-димплды сатып алғанға дейін оны пайдаланған болуымыз мүмкін: әлдене жөнінде ойланып отырып қаламмен ойнасаңыз бұл fidget-ті қолданғанға саналады. Зерттеушілердің сөзінше, мұндай ойыншықтар мазасыздық проблемалары бар балаларға зейінді және сабырлы болуға көмектеседі.

Мысалы, алдын ала зерттеулердің бірінде стресс-доптар алтыншы сынып оқушыларының зейінін арттыруға көмектескен.

Алайда fidget ойыншықтардың атқаратын міндеті бір болғанымен құрылымы әр түрлі. Тиісінше, олардың кейбірі басқасына қарағанда қаттырақ дыбыс шығаратын болуы ықтимал. Әдетте терапевт ұсынатындары айналадағы адамдардың көңілін бөлмейді.

Кейбір сарапшылар бірнеше жыл бұрын Fidget спиннерлер белсенді сатыла бастағанда оның пайдасы бар екеніне күмәнданған.

Психолог Гүлжан Амангелидиева Factcheck.kz-ке берген комментариінде, fidget ойыншықтардың тікелей зияны я пайдасы туралы зерттеудің аздығынан біржақты ештеңе айтуға болмайтынын ескертеді. Дей тұрғанмен белгілі бір уақыт шектеуімен балаларға ойнауға беруге болады.

Мынаны зиян, мынаны пайдалы деп қарауға болмайды. Баланың ойыншықтармен ойнайтын уақытын шектеу керек. Мысалы ол бала таңнан кешке дейін сонымен отырса, коммуникациялық дамуы, ел жұртпен араласуы шектеледі. …Тіпті кешке дейін кітап оқу да зиян, себебі бала өмірге бейімделе алмай қалады.

Гүлжан Амангелдиева

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін stopfake.kz сайты да поп-ит, симпл-димпл ойыншықтары баланы деградацияға алып барады деген ақпаратты терістеген.

Қорытынды

  • Fidget ойыншықтарына қатысты түпкілікті зеріттеу жоғынан нақты ештеңе айта алмаймыз;
  • Қолда бар аз ғана дерек Fidget ойыншықтарының пайдалы екенін көрсетеді, егер оны беліглі бір уақыт аралығында ғана айналаңызға зиянын тигізбей пайдалансаңыз, сізге оң ықпал етуі мүмкін;
  • Дей тұрғанымен кейбір сарапшылар пайдасына күмәнмен қарайды. Барлығының күткені объективті, сенімді зерттеу.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz