ОСК растады: Сайлау учаскесінде сиясы өшірілетін қалам болды

ҚР Орталық сайлау комитеті президенттік сайлау күні  Алматы облысының Қайназар ауылында түсірілген сиясы өшірілетін қалам көрсетілген видеоның шынайлығын растады деп хабарлайды Informburo.kz.

Ақпараттық агенттіктің сұранысына ОСК:

«2019 жылғы 20 маусымда Алматы облыстық сайлау комиссиясының ұсынған ақпаратына сәйкес бұл оқиға №200 сайлау учаскесінде орын алды» деп жауап берді. Комитеттің айтуы бойынша заң бұзушылық анықталғаннан кейін, тез арада шешілді. 

Маусымның 10-ы күні Қазақстан ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина журналистерге видеоның фейк екенін мәлемдеген еді.

Баймолдина “Sputnik Казахстан” жариялаған видеода «неше түрлі жалған ақпарат тарап жатыр. Кез келген нәрсені басқаша етіп көрсетуге болады, бұны сіз, журналистер, менен жақсы білесіздер. Бізде мұндай фактілер болған жоқ. Бізде жалған жаңалықтар қайда түсіріліп жатыр? Әне, тұтас қойылымдарға куәміз», деді.

Маусымның 13-і Factcheck.kz ОСК мүшесінің мәлемдемесін тексеріп, оған жалған деген үкім берді. Кішігірім зерттеу авторлары видеоны сараптап, бірнеше кадрға бөлді. Алғашқы дереккөз файлдарын тексеріп, заңбұзушылықты байқаған бақылаушымен сұхбаттасты және желіде видеода көрсетілген қаламды тапты.

Factcheck.kz