Оқуға түсерде “086-ны” кейін тапсыруға болатыны рас па?

Әлеуметтік желі арқылы оқуға түсу кезінде 086 анықтамасын тапсырмауға болады екен деген хабар тарап жатыр. Біз мұның рас-өтірігін анықтап көрдік.

Оқуға түсерде "086-ны" кейін тапсыруға болатыны рас па?
Тарап жатқан хабарлардың бірі

Үкім: Жартылай шындық

Білім және ғылым министрлігінің жазуынша, білім беру ұйымдарына медициналық анықтамаларды оқу жылы басталғанға дейін мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады. Бірақ бұл бұдан былай 086 анықтамасы мүлде керек емес дегенді білдірмейді.

Министрліктің жазуынша, медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты азаматтарға білім беру ұйымдарына қабылдану үшін тиісті құжаттарды тапсыру барысында анықтамаларды уақытша ұсынбауға мүмкіндік беріледі.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаларды алуда туындаған қиындықтарға байланысты Білім және ғылым министрі білім беру ұйымдарына (балабақшаларға, мектептерге, колледждер мен ЖОО-ларға) құжаттарды медициналық анықтамаларсыз қабылдауға уақытша рұқсат беру туралы бұйрыққа қол қойды.

Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналынан

Бұдан бөлек Egov.kz порталы арқылы құжаттарды жіберу барысында медициналық анықтамаларды өзіне байланысты емес себептер бойынша ұсына алмайтын азаматтар үшін бұл анықтамаларды кейін ұсынуға мүмкіндік беретін функция іске қосылады. Қазіргі уақытта білім алушылар медициналық тексеруден өткені туралы анықтамаларсыз шартты түрде білім беру ұйымдарына қабылданатынын жазды Білім және ғылым министрлігі.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz