Министр Қасымовтың метадон терапиясына қатысты мәлімдемелеріне тереңірек үңілсек

16 маусымда қазақстандық БАҚ-та  ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтің тұрғындармен есеп беру кездесуі туралы ақпарат жарияланды. Кездесуде Қасымов мырза метадон терапиясының пайдасын зерттеу туралы да айтты. Министрдің бұл мәлімдемесін Sputnik сайтындағы материалдан тыңдауға болады.

Кездесу барысында ол бірнеше мәлімдеме жасады. Алмастыру терапиясы туралы мәселе парламентте бірнеше рет көтерілгендіктен, біздің де қалыс қалмай бірнеше зерттеу жүргізуімізге түрткі болды.

Апиындық алмастырушы терапия (ЗПТ) бағдарламасына кімдер қатысады?

Мәлімдеме: «Негізінен, алғашында оның мақсаты СПИД-ң  таралуына жол бермеу болатын. Яғни, күре тамыры арқылы салатын нашақорлар таралып кетпес үшін осы метадонды қолданған. Кейін бұл терапия басқа нашақорларға да қолданыла бастады».

Үкім: Манипуляция

Расымен де, опиоидке тәуелділікті емдеуде метадонды пайдалану себептерінің бірі – ВИЧ-инфекцияларының таралуына жол бермеу. Алайда, алмастыру терапиясы тәуелділікті тудыратын кереғар затты басқа затқа алмастыру принципіне негізделген.

Метадонды дәл опиоид (синтетикалық опиат) секілді тек қана опиоидқа тәуелді емделушілерге және психотропты заттарға тәуелділіктен емделу бағдарламасы шеңберінде нарколог тағайындайды. WebMD медициналық сайтта метадон мынандай есірткіге қарсы емдеуде қолданылады делінген:

  • кодеин
  • героин
  • гидрокодон
  • морфин
  • оксикодон.

Қасымов мырза айтқандай олардың барлығы күре тамыр ішіне салынбайды. Бірақ барлығы опиоидтер тобына кіреді.  ДДСҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), Біріккен Ұлттар Ұйымының ВИЧ / СПИД бойынша Бірлескен Бағдарламасы (ЮНЭЙДС) шығарған брошюрада да, сенімді медициналық сайттардың ешқайсында, Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында да метадон «басқа» есірткіге тәуелді адамдарға қатысты қолданылады деген ақпарат берілмеген.

methadone

Егер министр жалпы опиоидтерге тәуелділерді, бірақ инъекциялық жолмен емес, меңзеген болса, онда біз метадонның терапияда да қажет екенін көреміз. ВИЧ-инфекциясын тарату қаупі бар осал топқа басымдық берілгені түсінікті. Бірақ басқа да нашақорларға олар «жұқтырмайтын» болғандықтан ғана емнің қажет екеніне күмән келтіру – есірткіге тәуелді адамдардың құқықтары жағынан қарағанда таласты мәселе.

Бағдарлама қатысушыларының саны

Мәлімдеме: «Жалпы, біз метадон терапиясының арқасында қанша адамның жазылып кеткенін, қаншалықты жағымды әсер еткенін, адамдардың түзелгенін не түзелмегенін осы уақытқа дейін нақты айта алмаймыз. Біз ондай нақты сандарды ала алмадық».

Үкім: Жалған

Алмастыру терапиясы бағдарламасына қанша адамның қатысқаны құпия емес. Ол  ашық деректер қатарына жатады және мұндай ақпаратты алу да оңай.

9 жыл ішінде аталған жобаға 1090 адам қатысқан. Оның ішінде 217 қатысушы, демек 20 пайызы, метадон көмегімен көрсетілетін емнен өз еріктерімен бас тартты.

Бір қызығы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінен метадон терапиясының көмегімен сәтті емделіп шыққан адамдар санын алу мүмкін болды, ал ІІМ ақпарат бермеді.

Оның мәні бар ма?

Мәлімдеме: «Оған қоса, ол СПИД-ке қарсы бағытталған еді. Қазір мүлде басқа есірткі пайдаланылады. Қазір аз ғана нашақорлар қан тамырлар арқылы қолданады. Сол себепті, осы метадон терапиясын бұдан әрі жүргізудің қаншалықты мәнісі бар екенін біз әлі түсінбей жатырмыз».

Үкім: Үкімсіз 

Қазір «басқа» есірткілер туралы ақпаратты ашық деректерден тексеру мүмкін емес. Жағдайға талдау жасау мақсатынды жұмыс тобын құру мәселесін көтерген министр, бәлкім, жағдайды түсініп отыр. Сол себепті, біз опиоидке тәуелді адамдар үшін ААТ қажеттілігін  талқылап жатқан мәнмәтінді бағалауды ұсынамыз.

Контекст

Инъекциялық есірткілердің тұтынушыларынан тұратын қауіп-қатер тобы туралы да, «мүлде басқа» есірткілер туралы да айтып өттік. Олар опиоидтер қатарынан болмаса, онда опиоид-метадонмен алмастыруға келмейді.

Дегенмен, бір қызықты жайт бар. 2017 жылы 7 желтоқсанда (жақында ғана) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында ақпарат жарияланды. Онда «ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күресу үшін Жаһандық қоры «АИТВ» компоненті бойынша 2018-2020  жылдарға арналған 4,5 млн. АҚШ доллар грантын бөлу туралы Қазақстан Республикасының өтінішін мақұлдады. 2020 жылға қарай алдын алу шараларымен инъекциялық есірткіні тұтынушылар 60% қамту жоспарланған» делінген.

Министр мырза айтқандай, бюджет қаражатына метадон сатып алу жоспарланатындай, осы уақыттан бері Жаһандық қордың мұндай шешімінде қандай өзгерістер болғаны түсініксіз. Назарды бір сәт басқаға аударсақ:

2017 жылы 8 желтоқсанда Информбюро сайтына мақала жарияланды. «ЖИТС-пен күресу үшін Жаһандық қоры жобасының үйлестірушісі Татьяна Давлетгалиева пікірлерімен бөліскен.

Мақалада қаржы аймақтар бойынша былай бөлінеді делінген:

  • Алматыға 775 мың доллар
  • Қарағанды облысына 841 мың доллар
  • Астанаға 543 мың доллар

Бұл қаржы алдын-алу шараларын өткізуге мүмкіндік беру үшін ҮЕҰ-ларға бөлінеді. Презервативтер, лубриканттар, шприцтер сатып алуды және брошюра шығаруды мемлекет өз мойнына алады. Ал 4,5 млн доллар үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға жіберіледі.

Ал, героинді тұтынатын нашақорлардың санының азаюы туралы айтсақ, Татьяна Давлетгалиеваның айтуынша, Жаһандық Қор Қазақстанға рекордты 20 мың  долларды да, 14 мың долларды да бөлген екен. Одан кейін бұл ақшаның өз мақсатында жұмсалып, «жұмыс істеп» жатқаны және ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандар азайып келе жатқаны туралы статистика жасалған. 2014 жылы Жаһандық қор Қазақстанға қаржы бөлмеуді ұйғарған. Алайда, елдегі нашақорлар саны бірден 5 пайыздан 9 пайызға артқан. Содан, Қазақстанға есірткіге тәуелділермен күресу үшін тағы да қаржы керек болды.

Сонымен мынандай жағдай көз алдымызға елестейді:

Грантқа өтінім бергенде ВИЧ және СПИД-ді жұқтыру қаупі төніп тұрған нашақорлар саны көп секілді болған. Ал енді небәрі жарты жылдан соң, бюджет қаржысына метадон сатып алу қажет болғанда олардың саны өте аз болып шықты. Біз бұл жағдайға ешқандай баға бере алмаймыз. Алайда, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның 2018 жылы 18 ақпанда айтқан деректерді келтіре аламыз.

«… біз жыл сайын ВИЧ-пен байланысты жағдайлардың 10 пайыздық өсімін байқаймыз <…> Өткен жылы ерікті және тестілеуден өтуге міндетті адамдар арасында  3 миллионға жуық ВИЧ-ке тест жасалды. 2800 жаңа жағдай анықталды…»