ҚХР көңіл-күйді анықтайтын камераны ұйғырларға сынаған

Қытай билігі адамның көңіл-күйін анықтайтын арнайы камераны Шыңжаңда қамалған ұйғырларға сынаған. Бұл туралы bbc хабарлады.

ВВС дерегінше, бұл камера “жалғанды анықтайтын құрылғы” іспеттес. Өзі туралы жарияламауды сұраған технология авторының бірі камера арқылы адамның көңіл-күйін анықтайтын технологияның қалай қолданылғаны жайлы дәлелдер ұсынған. Анонимді автордың сөзінше, арнайы технология камера арқылы қамаудағылардың көңіл-күйін анықтауға болады.

Лондондағы Қытай елшілігі нақты айыптауларға жауап бермей, «Қытай барлық этностарды саяси және әлеуметтік құқықтарымен қамтамасыз етуде» – деп мәлімдеді.

Ал құқық қорғаушылардың болжауынжа, билік бұл камераны қоғамға бақылау орнату үшін пайдаланады. Сонымен қатар, камера дұрыс жұмыс істемеген жағдайда, бақылаушылардың жасанды интеллект берген ақпарат негізінде қате шешім шығаратынын пайымдады.

Контекст

  • Бұған дейін, Батыс елдері Қытай билігінің Шыңжаңды мекен ететін ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарды лагерьге қамап, түрлі технологиялармен аңдиды деп айыптады.
  • Бейжің бұндай бақылауды “қайта тәрбиелеу” не “кәсіп меңгеру” орталықтары деп атайды. Алайда, құқық қорғаушылар орталықтарды қатаң режимді деп санайды. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, лагерьде болған мұсылман саны шамамен миллионнан асады.
  • Литва парламенті 20 мамырдағы жиынында Қытай билігінің Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарды қудалауын “геноцид” деп атады.
  • Вашингтонда орналасқан Uyghur Human Rights Project (UHRP) 13 мамырда зерттеуін жариялап, Қытай дін қызметкерлерін “экстремизм мен сепаратизмді насихаттады”, “жұртты жинап, қоғамдық тәртіпті бұзуға үндеді” деп айыптаған.
  • Еуроодақ 30 жылда алғаш рет Қытайға қарсы санкция енгізді. Санкция тізіміне Қытайдың төрт шенеунігі және бір заңды тұлға енді.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz