«Қазақстан ата-аналары одағы» конференциясы: мәлімдемелердегі өтірік пен манипуляция

16 маусымда «Қазақстан ата-аналары одағы» қоғамдық бірлестігі «Отбасы институты бұзылуы. Халықаралық ұйымдар мақсаты» тақырыбында офлайн-конференция өткізді. 3 сағат бойы халықаралық ұйымдар қазақстандықтарға жат және қылмыстық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасының дәстүрлі жолын бұзуға және балаларды ата-анасынан бөлуге, тіпті балаларды олардан мүлдем айырып алуға тырысып жатқаны айтылды. Конференцияға 14 спикер қатысты, олардың кейбірі оқырманға біздің «Қазақстанда заңдарды жою және қастандық теорияларын тарату лоббиі артында кім тұр?» деген тергеуімізден белгілі.

Бұрын біз «Қазақстан ата-аналары одағы» мүшелері БҰҰ жүйесінің халықаралық ұйымдары балалар порнографиясы мен педофилияға қолдау көрсетеді деп мәлімдеген кейбір айыптауды талдадық. Олардың барлық мәлімдемесі не жалған, не манипулятив болып шықты.

Осыған байланысты Factcheck.kz редакторлары олардың мәлімдемесі талдауының екінші бөлімін жасады.

Қысқаша қорытынды

  • Анастасия Машнина мен Әлия Абдинованың біз тексерген барлық мәлімдемесі жалған немесе манипуляциялық дәлелдерге негізделген. Спикерлер ақпаратты қастандық теориясы тұрғысынан ұсына отырып, халықаралық ұйымдар балалар арасында гомосексуализмді насихаттап, ата-аналарды баласын тәрбиелеуден шеттетуге немесе мәжбүрлі психиатриялық емдеуге жіберуге тырысады деп ақпаратты бұрмалайды.
  • Шынында, мұндай шаралар еш жерде көрсетілмеген. Көбінесе бәрі психологтармен және балалар денсаулығы бойынша мамандардың отбасылық кеңес беруімен шектеледі.
  • Біздің алдымызда қоғамға ықпал ету үшін моральдық дүрбелең тудыруға тырысудың жарқын мысалы тұр.

Мәлімдемелерді толығырақ талдайық

Мәлімдеме: «ЮНИСЕФ пен ЮНЕСКО-ның құжатында гендер сәйкестігі дегеніміз не екені айтылады. Гендер сәйкестігі туралы айтқанда оны ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік деп ойлаймыз. Шындығында, олай емес. Құжатта бұл адамның жынысына байланысты терең ішкі сезімге және адамның жеке тәжірибесіне қатысты болады, ол туған кезде гендермен сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін екені айтылған. Мысалы, мен бүгін әйелмін, ал ертең ер адам болғым келеді және тағы басқа. Бұл құжатта сексуал бағдары не екені де айтылады. Бұл – адамның терең эмоционал тартымдылықты сезіну қабілеті және бір жыныстағы немесе әртүрлі жыныстағы адаммен жыныстық қатынасқа түсу мүмкіндігі туралы айтылады. ЛГБТ қоғамдастығын кемсітпеу үшін мектептерде ЛГБТ адамдар үшін қалыпты жағдай екенін, сондықтан оларды кемсітуге болмайтынын үйрететін буллингіге қарсы бағдарламалар іске қосылып жатыр. Осылайша, буллингіден қорғау бағдарламасы бойынша мектептерде ЛГБТ заңдастырылып жатыр».

Әлия Абдинова

Үкім: Манипуляция

Құжаттың түпнұсқасында бұл ұғымдар нақтыланған, өйткені мұндай балалар буллингіге жиі ұшырайды, ол тіпті зорлауға дейін баруы мүмкін. Сонымен қатар, құжат тек сексуал бағдар мәселесімен шектелмейді.

Эксперттер жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың көптеген жағдайы негізінде сексуал бағдар мен гендерлік сәйкестік жатқанын айтып өтті. Көбінесе, зардап шегуші баланың қатарластары оны сырт келбеті мен өзін ұстауына қарап, ЛГБТ қоғамдастығы қатарына жатқызып тастайды. Мұның растығы үшін эксперттер тұрақты соққыға жығылып жүрген кейбір бала оқиғасын айтып берді. Баланың сексуал бағдарына байланысты топтық зорлау да болған. Осындай жағдай ұлты «қате» балаларға, аз қамтылған отбасы балаларына немесе ВИЧ сияқты аурумен ауыратын балаларға да қатысты.

Мұндай жағдайларда зорлық-зомбылық үнемі болып тұрады, өйткені жәбірленуші көбіне зорлық көрсетушіге қарсы тұра алмайды және айыптап-мінейді деп қорқып, ешкімге айтпайды. Мұғалімдер де дискриминациялауға қатысып жатады. Мұғалім немесе директор пікіріне байланысты балалар мектепке қабылданбаған жағдайлар да болды. Эксперттер буллингінің кез келген көрінісімен күресуге шақырады, себебі бұл көбіне суицидке әкеледі.

Мәлімдеме: «ДДСҰ құжатында буллерді гиперактивті деп қабылдау керек екені айтылған. Бұл туралы сол ЮНЕСКО-да да айтады. Буллингіден зардап шегуші депрессияда жүреді. Қазақстандағы диагностика хаттамасын қарасаңыз, гиперактивтік екі психотропты дәрімен емделеді, олардың жанама әсерінің бірі – кенеттен өлу, ал диагностика хаттамасы бойынша, депрессия сол сияқты ауыр жанама әсері бар 40-тан астам дәрі-дәрмекпен емделеді.

Әлия Абдинова

Үкім: Манипуляция

ДДСҰ мен ЮНЕСКО басылымдарында бұл бұзылулар кейде балаларда анықталатыны рас, бірақ олар мұны дәрі-дәрмекпен емес, психологпен жұмыс істеу арқылы емдеуді ұсынады. Спикер айтып өткендей, диагностика мен емдеуге арналған отандық хаттамаларда дәрі-дәрмек онша көп емес. Ауыр жанама әсерлерін тудыруы мүмкін ауыр препараттар өте қажет болған жағдайда ғана қолданылады және 18 жасқа толмаған адамдарға қарсы көрсеткіші бар.

Эксперттер жасөспірім-буллерлер кейде гиперактив, импульсив немесе олардың мінез-құлқы мен эмоцияларын бақылаудың төмен деңгейіне ие екенін айтады. Көбінесе олардың агрессиясы өз ісінің дұрыстығын дәлелдеуге деген ұмтылыстан туындайды. Гиперактивтік ерекшеліктің бірі ретінде көрсетілген, бірақ негізгі себеп емес. Сондай-ақ, әдетте бұзақылық құрбандарында депрессия болады.

Дегенмен халықаралық ұйымдар дәрі-дәрмекпен емдеуден бұрын психологиялық жұмысқа көп көңіл бөлуге шақырады, өйткені «басқа факторлар» көбірек роль ойнайды. Мұғалім білім беру мекемесі психологымен бірге олардың себебін анықтап, баламен жұмыс істеуі керек.

Гиперактивтіктің алдын алуды емдеудің қазақстандық хаттамаларында қажет болған жағдайда тек екі препарат қолданылады: хлорпротиксен және тиоридазин. Олардың жанама әсері кенеттен өлімге әкелетін жағдайы сирек, бірақ пайдалану жөніндегі нұсқаулықта олар адам психикасының бұзылулары басталған кезде өте қажет болған жағдайда ғана қолданылатыны көрсетілген. Сонымен қатар, олар 18 жасқа толмаған адамдарға тұтынуға тыйым салынады.

Депрессияны да осы сияқты жолмен емдейді. Негізгі емдеу үшін 12 препарат қолданылады, олардың көбі – антидепрессанттар, бірақ емдеу кезінде дәрі-дәрмектердің тек біреуі ғана қолданылады. Басқа 18 препараттың бірнешеуін ғана қосымша қабылдауға болады. Дегенмен олар адамның психикалық бұзылысы, мазасыздығы немесе жүріс-тұрысы бұзылған жағдайда ғана қолданылады. Олардың жанама әсері өлімге әкелмейді.

Мәлімдеме: «Біреу екіншіге тіл тигізсе, отбасына арналған жеке жоспар жазылып, баланың буллер немесе буллингіден зардап шегуші болып саналатынын білу үшін отбасына барады. Бұл жерде отбасы ісіне араласу бар, ЮНЕСКО мен ЮНИСЕФ құжатындағы 67-бет. Құдай сақтасын, балаңыз ЛГБТ қауымдастығында болса немесе біреуге ақымақ деп тіл тигізсе, бұл жағдайда олар сізге келіп, балаларды қалай тәрбиелеу керек екенін үйретіп, отбасы ісіне өрескел араласатынын күтіңіз. Бұл қазірдің өзінде ювенал әділет органдары сізді ұрып-соғуы, тексеріс жүргізуі үшін себеп. Қатты қарсылық білдірсеңіз, сізді психологиялық ақыл-есін тексертуге алып кетеді».

Әлия Абдинова

Үкім: Жалған және манипуляция

Манипуляциясы мынау: баяндамада ата-аналар немесе мұғалімдер қосымша білім бөлімімен, полициямен немесе психологиялық көмек орталықтарымен байланыса алады делінген.

Жалғаны мынау: құжатта отбасы істеріне араласу немесе ата-аналарын мәжбүрлеп емдеу туралы айтылмайды.

Көптеген мектеп пен колледжде психологтар, әлеуметтік педагогтар, тьюторлар және тағы басқа мамандар жұмыс істейді. Олар бірге жұмыс істеп, балалар мен ата-аналарға қажет көмек бере алады. Дәл осы мамандар буллермен және бұзақылық құрбандарымен жұмыс істегенде маңызды роль атқарады. Олардың қолынан келмесе, мектеп қосымша қолдау алу үшін бірқатар жергілікті органға хабарласа алады.

«Қазақстан ата-аналары одағы» конференциясы: мәлімдемелердегі өтірік пен манипуляция

Баяндамада олардың қандай функция орындайтыны егжей-тегжейлі сипатталған және еш жерде отбасы істеріне араласу, міндетті тексерулер немесе қандайда бір тексеруден бас тартқан кезде мәжбүрлеп емдеу туралы айтылмайды.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор қажет болған жағдайда оқушылармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер жүргізе алады. Ал балалар емханалары мен әлеуметтік көмек орталықтары ата-аналарға балаларды тәрбиелеу және олардың құқығын қорғау жөнінде кеңес бере алатыны көрсетілген. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда ата-аналар мен балаларға қаржылық және құқықтық көмек берілуі мүмкін.

Мәлімдеме: «№25 жалпы түсініктемелердегі 77-параграфта ата-ана балаға күтім жасауға қатысты жанжалдасса, мысалы баламен интернетке қатысты ұрысса, мұндай жағдайларда қосымша араласу қажет болуы мүмкін. Бұл жерде баланың жеке өміріне қол сұқпау құқығын қамтамасыз ететін ювенал әділеттікті көреміз. Демек бала көргісі келгенін көреді және оның педофилмен жеке өмірі болуы мүмкін. Ал ата-анасы мұндай жағдайда жай ғана шеттетіледі».

Анастасия Машнина

Үкім: Манипуляция

Шын мәнінде, баланың цифрлық ортадағы құқық туралы 25-ші жалпы түсініктеме баланың цифрлық ортадағы жеке дерегін қорғау құқығын білдіреді. Жеке ақпарат жеке адамдарға да, мемлекеттік органдарға да жетпеуі керек екені көрсетілген. Сонымен қатар, ата-аналардың өзі оның таралу қаупін тудырған жағдай жиі кездеседі. Мұндай оқиғалар үшін балалардың анонимдік және интернеттегі жеке өмірі құқығын нақтылау қажет. Ата-ананың бала тәрбиесінен шеттетілетіні туралы еш жерде айтылмаған.

68-параграф бойынша, жеке өмірге балалардың жеке басы, олардың қызметі, мекенжайы, араласатын ортасы, эмоциясы, денсаулығы және қарым-қатынасы туралы ақпаратты қамтуы мүмкін мәліметтер жатады. Баланың жеке өміріне қол сұқпау олардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау үшін өте маңызды. Қауіп мемлекеттік органдардың деректерді жинауы және өңдеуі нәтижесінде немесе олардың ұрланған кезінде туындауы мүмкін. Кейде мұны балалардың өзі немесе олардың ата-анасы жасауы мүмкін.

Кейбір жағдайда цифрлық ортаға жаңадан келген ата-аналардың өзі бұл ақпаратты тарату қаупн тудыруы мүмкін.

Сондықтан 69-тармақта кез келген мұндай араласуға тек заң шеңберінде ғана жол берілетіні айтылған. Сондықтан 77-параграфта ата-аналардың өзі баланың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін болса, интернеттегі анонимдік баланың өмірі үшін маңызды екені айтылған. Мұндай жағдайда оның жеке өмірін қорғау үшін отбасылық кеңес немесе басқа қызмет түріндегі қосымша араласу қажет болуы мүмкін.

Родился в городе Алматы. Окончил факультет журналистики в КазНУ им. Аль-Фараби. С 2017 года работал корреспондентом в нескольких казахстанских изданиях.

Factcheck.kz