Иран билігі әйелдерге жарнамаға түсуге тыйым салды

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрлігі әйелдерге жарнама роликтеріне түсуге тыйым салды. Бұл туралы RadioFreeEurope сайты хабарлады.

Министрлік Иранның жарнама агенттіктеріне жолдаған хатында “хиджабқа” қатысты заңға сәйкес, жарнамаларда әйелдерді көрсетуге тыйым салынғанын” мәлімдеген.

RadioFreeEurope хабарынша, тыйым жергілікті телеарнада шыққан балмұздақ жарнамасымен байланысты. Онда хиджаб киген қыздың балмұздақ жегені көрсетіледі. Артынша министрлік бұл жарнаманы «қылмыс» деп атап, актрисаны “қоғамда азғындықты насихаттады” деп айыптаған.

Контекст

  • RadioFreeEurope ақпаратына сәйкес, президент Ибрагим Раисидің 5 шілдедегі хиджаб туралы заңның қабылдануы әйелдердің қиіміне қатысты жаңа шектеулерге әкелді. Раисидің бұйрығынан кейін “талапқа сай” киінбеген әйелдерге мемлекеттік мекемелерді, банктерді және қоғамдық көліктерді пайдалануға тыйым салынатыны хабарланды.
  • Бұған жауап ретінде белсенділер әлеуметтік желіде #no2hijab хэштегін қойып, заңға наразылық білдіру мақсатында науқан бастады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz