ІІМ: Коронафейк тарату фактісі бойынша 103 қылмыстық іс тіркелген

Қазақстан құқық қорғау органдары коронавирус жайлы жалған ақпарат тарату фактісі бойынша 103 қылмыстық іс тіркеді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Vlast.kz сайтына хабарлады.

103 іс сотқа дейінгі тергеуде. Бұлар коронавирус жайлы фейк тарату бойынша тіркелді. Оның ішінде үшеуі осы жылы тіркелді. Ал төрт іс сотқа жолданды. 87 іс тоқтатылып, 12 іс өндірісте жатыр.

Ішкі істер министрлігі

Сонымен қатар, 5 қылмыстық іс бойынша үкім шыққан. Күдіктілер 3 жылдан 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олардың біріне алты айға бас бостандығына шектеу қойылды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz