Франция Google компаниясына 220 млн еуро айыппұл салды

Францияның антимонополия (Autorite de la Concurrence) реттеушісі Google компаниясына тиесілі Alphabet холдингін жарнама нарығындағы үстемдігін теріс мақсатта пайдаланды деп айыптады. Реттеушінің шешімінен кейін Google 220 млн еуро (шамамен 113 млрд теңге) айыппұл төлейді. Бұл туралы Interfax.ru сайты хабарлады.

«Google-ға айыппұл салу туралы шешім өте маңызды. Өйткені антимонополия реттеушісі желідегі жарнама нарығын пайдаланатын аукцион алгоритмдегі мәселесін алғаш рет қарастырды»

Францияның антимонополия басшысы Изабель де Силва

Контекст

  • Bloomberg дерегінше, бұл іс 2019 жылы медиахолдинг News Corp шағымынан соң қарастырылған.
  • Бұған дейін Түркияның бәсекелестік жөніндегі кеңесі Google компаниясына тиесілі Alphabet холдингіне іздеу жүйесінде үстемдігін теріс мақсатта пайдаланғаны үшін шамамен 36,65 миллион доллар айыппұл салған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz