Түркия Google компаниясына айыппұл салды

Түркияның бәсекелестік жөніндегі кеңесі Google компаниясына тиесілі Alphabet холдингіне іздеу жүйесінде үстемдігін теріс мақсатта пайдаланғаны үшін шамамен 36,65 миллион доллар айыппұл салды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Реттеуші дерегінше, Google компаниясы іздеу жүйесінде үй бағаларын салыстыру бойынша өзінің қызметіне басымдық беріп, бәсекелестердің ұқсас қызметтерін ысырып тастаған.

Түркияның монополияға қарсы органдары Google компаниясына бәсекелестердің алты ай бойы қолайсыз жағдайға ұшырамауын қамтамасыз етуді және осы мәселе бойынша реттеушіге жыл сайын бес жыл бойы есеп беруді бұйырды.

Google компаниясы Түркияның монополияға қарсы органдарымен жұмыс жасауға дайын екенін хабарлады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz