Фейк | Түркіменстан ТМД елдерінен әйелдерді сөмкеге салып, шекарадан алып өтуге рұқсат сұрады

10 қаңтар күні қазақстандық NewTimes.kz жаңалықтар ресурсы өзбектің «Биржа» онлайн газетіне сілтеме бере отырып мынадай мәтіні бар материал жариялады: (Мәтін орыс тілінен аударылды)

«…Бізде Белорусияда жағымсыз жайт орын алды. Украина мемлекеттік шекарасынан сөмкеге салынған әйелді өткізбей қойған. Ол жүксалғышқа ешкім күштеп отырғызбағанын айтты. Түркіменстанда әйелдерді бұлай алып жүру қалыпты жағдай, тіпті дәстүрге айналып кеткен. Біз көршілес елдердің салтына қалай құрметпен қарасақ, ТМД елдері де біздің дәстүрімізді құрметтесе екен дейміз. Тіпті  әйелдерге осылай саяхаттаған ұнайды. Сенбесеңіздер, менің үш әйелімнен сұрап көріңіздер, – деді Түркіменстан Көлік министрлігінің басшысы Айвахули Ибдермаммадов». 

Фейк | Түркіменстан ТМД елдерінен әйелдерді сөмкеге салып, шекарадан алып өтуге рұқсат сұрады

Кейінірек NewTimes материалды өшіріп тастады. Ал «Биржадан» материалды оқуға болады:

Фейк | Түркіменстан ТМД елдерінен әйелдерді сөмкеге салып, шекарадан алып өтуге рұқсат сұрады

Үкім: Жалған

Біз бұған дейін Қазақстандағы Мұсылмандар одағының немесе «Панорама» АА материалдарын көшірумен 1 сәуір күні айналысқан дұрыс деп айтқан болатынбыз, қазір ашық айтайық: мұндай ақпараттарды жаңалық деп емес, сатира деп қабылдау керек. Сол себепті «Биржа» газеті қазақстандық әріптестерін шатастырмас бұрын ойланғандары жөн болар.

Түсініп отырғандарыңыздай, бұл жаңалықты өздерін «сатиралық басылым» деп атайтын «Панорама» ойлап тапқан.

Көлік министрлігінің басшысы Айвахули Ибдермаммадовқа келер болсақ, ондай адам тіпті FB немесе Ок қолданушысы ретінде де жоқ.

Фейк | Түркіменстан ТМД елдерінен әйелдерді сөмкеге салып, шекарадан алып өтуге рұқсат сұрады
Бірақ, NewTimes қана емес көптеген БАҚ оны жақсы ньюс-мейкер деп ойлап қалыпты.

Түркіменстанда Көлік министрлігі де жоқ, бірақ екі бөлек министрлік бар. Автокөлік министрі – Ораздурды Суханов, теміржол көлігі министрі – Азат Атамұрадов.

Ал белорусь-украина шекарасында адамды жүксалғышқа салып өту оқиғасы шынында болған. Бұл туралы өзінің Youtube парақшасынан және сайтында Беларусь Республикасы Мемлекеттік шекара комитеті хабарлады.

Осы секілді ақпарат жиі кездеседі және оны таратпас бұрын жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz